Саясат

Ресейдегі Ozon қоймасына дронмен шабуыл жасалды

Ресейдің Самара облысында Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығы дрон шабуылынан кейін өртенді.

Ozon

Компанияның мәліметінше, нысандағы қауіпсіздік жүйелері іске қосылып, 500-ден астам қызметкер бірнеше минут ішінде эвакуацияланған. Ozon өкілдері шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Компания оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оқиға орнына жедел-құтқару қызметтері мен жедел жәрдем бригадалары келген. Қазіргі уақытта логистикалық орталықтың жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылып, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Шабуыл туралы Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы тәулікте украиналық күштер Ресейдің Самара облысындағы логистикалық нысандар мен басқа да объектілерге соққы жасаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдегі Wildberries-тің бірнеше логистикалық орталығы да дрон шабуылдарына ұшыраған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз