Қоғам

Ресейдегі "Яндекс" деректер-орталығына жасалған шабуыл Қазақстандағы қолданушыларға да әсер етті

Ресей аумағындағы "Яндекс" компаниясының деректер-орталықтарына жасалған дрон шабуылдарынан кейін Қазақстанда да кейбір сервистердің жұмысына әсер етті.

Яндекс

Қолданушылар қызметтердің бірқатар функциясы дұрыс істемей жатқанын хабарлаған.

Қазақстандық қолданушылар "Яндекс Go" қосымшасы арқылы такси шақырып, тамаққа тапсырыс бере алмай отырғанын хабарлады. Компания да сервистердің бірқатарында техникалық ақау барын растады. Компания өкілдері қызметтерді қалыпты режимге барынша жылдам қайтару үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Компанияның түсіндіруінше, цифрлық платформалардың жұмысы әртүрлі елдерде орналасқан есептеу инфрақұрылымына тәуелді. Сондықтан жүйенің бір бөлігінде ақау туындаса, оның салдары басқа өңірлердегі қызметтердің жұмысына да әсер етеді.

Қазір техникалық мамандар сервистердің жұмысын қалпына келтіруге кіріскен. Алайда ақаулардың қашан толық жойылатыны әзірге белгісіз. Компания қолданушылардан, жүргізушілерден және курьерлерден қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

"Яндекс Go Қазақстан" Қазақстан заңнамасын сақтайтынын және қазақстандық пайдаланушылардың деректері ел аумағындағы серверлерде сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар Uber сервисін қолданатын қазақстандықтар да техникалық ақауларға шағымданған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қазанға қараған түні Рязань облысының Сасово қаласындағы "Яндекс" деректер-орталығына дрон шабуылынан кейін өрт шыққан. Соның салдарынан нысанның жұмысы толығымен тоқтаған. Ал 9 қазанда Калуга қаласындағы компанияның тағы бір деректер-орталығына шабуыл жасалып, бірнеше модуль істен шыққан. Компания қызметкерлердің зардап шекпегенін хабарлағанымен, жабдықтарды қалпына келтіру мерзімі әзірге белгісіз.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз