Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:02, 09 Шілде 2024

Ресейдің балалар ауруханасына жасаған зымырандық соққысынан 7 бала зардап шекті

с
Фото: Reuters

Ресей әскерлері Киевке жасаған жасаған зымырандық соққыдан 27 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала бар. 

Ресей әскерлері 8 шілде күні таңертең Киев пен Украинаның басқа қалаларына жаппай зымырандық соққы берді. Соңғы мәліметтер бойынша, Киевке жасалған шабуылдан 27 адам қаза тауып, 82 адам жараланған.

Киев басшысы Виталий Кличко бұған дейін 96 адамның жараланғанын, оның 52-сі ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген. Украинаның Ішкі істер министрлігі ел бойынша жаппай зымырандық шабуылдан 31 адам қаза тауып, 125 адам жараланғанын хабарлады.

Киевте әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылды, деп хабарлады қалалық әскери әкімшілік. Оның айтуынша, құлатылған зымырандардың сынықтары қаланың Соломенский, Днепровский, Дарницкий, Святошинский, Деснянский, Шевченковский және Голосеевский аудандарына құлаған.

Сонымен қатар, зымыран Киевтің Шевченков ауданындағы балалар ауруханасының ғимаратына түскен. «Охматдет» балалар ауруханасының ғимараты зақымданған (ауруханаға бұрын да шабуыл жасалған). 

Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, «Охматдет» балалар ауруханасына жасалған шабуылдан екі адам қаза тауып, он адам жараланған. Сонымен бірге, СБУ ауруханаға соққы бергенде екі адам қаза тауып, 16 адам жараланғанын хабарлады. Виталий Кличко құрбан болған 16 адамның арасында жеті бала бар екені айтылады. Ауруханада қаза тапқандардың арасында 30 жастағы Львов тумасы Светлана Лукьянчук бар, деп хабарлады Львов мэрі Андрей Садовый.

Тегтер: