Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 09 Шілде 2024

Ресейдің қарулы агрессиясынан 559 бала қаза тапты - Украина Бас прокуратурасы

g
Фото: rupor.md

Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғалы бері 559 бала қаза тауып, 1449 бала жараланған. Бұл туралы Украина Бас прокуратурасы мәлімдеді.

«2024 жылғы 9 шілдеде таңертеңгі жағдай бойынша, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі прокурорлардың ресми ақпаратына сәйкес, Ресей Федерациясының жаппай қарулы агрессиясы нәтижесінде 559 бала қаза тапты. 1449-дан астамы әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды», - делінген хабарламада.

Соңғы құрбандар дүйсенбі күні Ресейдің Киевке жасаған зымырандық шабуылынан қаза тапқан төрт бала болды.

8 және 14 жастағы екі қыз және 8 және 10 жастағы екі ұл қайтыс болып, 2 мен 17 жас аралығындағы 10 бала әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алған.

Ал, 8 шілдеде Донецк облысындағы ауылға жасалған соққыдан 16 жастар жігіт, Николаев облысындағы ауылды атқылау салдарынан 5 жасар қыз жарақат алды.