Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 16 Мамыр 2024

Ресейдің Қазан қаласында Абай орталығы ашылды

f
Фото: из открытых источников

Ресейдің Қазан федералдық университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институты базасында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Абай орталығы қазақ тілін оқыту және дәріптеу, мәдени байланыстарды нығайту, оның тарихы, бастаулары, заманауи жетістіктерімен және даму перспективаларымен танысу мақсатында құрылған. Орталық қазақ-ресей ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан мен Татарстан студенттерінің өмірі мен жетістіктерін көрсететін ғылыми жарияланымдармен, оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды, сондай-ақ мәдениет және ғылым саласында конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды көздейді, делінген хабарламада.

Абай орталығының ашылуы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды, онда классикалық және қазіргі қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері жинақталған.

Фото: СІМ