Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:39, 22 Сәуір 2024

Ресейлік IT компания Қазақстан нарығына кіретінін жариялады

а
Фото: из открытых источников

Ресейлік ақпараттық технология PJSC Softline Алматыда хаб құру арқылы Қазақстан нарығына кіретінін жариялады. 

Бұл шешім компанияның халықаралық ауқымды кеңейту және стратегиялық маңызды аймақтардағы позициясын нығайту стратегиясын көрсететіні айтылуда.

Softline компаниясының Қазақстан нарығына шығуының негізгі мақсаты – өз өнімдерін, салалық шешімдері мен тәжірибесін, сондай-ақ ресейлік жеткізушілердің өнімдерін ілгерілету. Компания енгізуді, техникалық қолдауды және оқытуды қоса алғанда, қызметтердің толық спектрін ұсынуды жоспарлап отыр.

Компания әртүрлі елдерде дәйекті түрде сараптама орталықтарын ашуға ниетті, ал Қазақстандағы хаб бүкіл Орталық Азия нарығына енудің бастапқы нүктесі болмақ.

«Бұл географиялық жақындық пен қазақстандық тұтынушылармен, дистрибьюторлармен және интеграторлармен ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, біздің кеңейту стратегиямызды жүзеге асыру үшін маңызды қадам», - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Softline компаниялар тобына кіретін Axoft IT дистрибьюторы қазірдің өзінде қазақстандық нарықта жұмыс істеп жатыр. 

Фото: bcs-express.ru

Тегтер: