Саясат

Ресейлік оппозициялық суретші Семен Скрепецкий Польшада атып кетті

Ресейлік оппозициялық суретші әрі акционист Семен Скрепецкий (шын аты – Роберт Кузовков) Польшада белгісіз біреудің қолынан қаза тапты.

Скрепецкий

Deutsche Welle мәліметінше, оқиға 15 маусым күні таңертең Польшаның шығысындағы Бяла-Подляска қаласында, Беларусь шекарасынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан автотұрақта болған.

Польша полициясы қаза тапқан адамның аты-жөнін ресми жариялаған жоқ. Тек оның 44 жастағы Ресей азаматы екені айтылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қылмысқа екі адам қатысуы мүмкін. Журналистердің мәліметінше, күдіктілердің бірі – Беларусь азаматы. Ол атыстан кейін Беларусь консулдығының маңында ұсталған.

The Insider басылымының жазуынша, Скрепецкий өлерінен бір сағат бұрын өзіне «ресейлік патриоттар» тарапынан қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.

Берлиндегі даулы акция

12 маусым күні Семен Скрепецкий Берлиндегі Ресей елшілігінің алдында акция өткізген.

Ол ресми қабылдауға келген адамдар кезегіне қолында Иосиф Сталиннің Владимир Путинді тербетіп тұрған картинасы бар күйде жақындаған.

Суретшінің шалбарында арнайы тесік жасалып, одан Ресей туы салбырап шығып тұрған. Ту жерге сүйретіліп жүргеннен кейін ол оны қоқыс жәшігіне тастаған.

Ресейден 2021 жылы кеткен

Семен Скрепецкий 2021 жылы Ресейден Польшаға қоныс аударған.

Ол Ресей билігін сынайтын және әжуалайтын карикатуралары мен саяси акциялары арқылы танымал болған.

Қазіргі уақытта Польша құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Тегтер: Скрепецкий
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз