Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:25, 13 Маусым 2024

Reuters: Қытай дамушы елдерге Украина бейбітшілік саммитіне қатыспауға кеңес береді

Зеленский
Фото: OFFICE OF THE PRESIDENT OF UKRAINE

Қытай дамушы елдердің үкіметтеріне сенбі және жексенбі күндері Швейцарияда өтетін Украина бейбітшілік саммитіне қатысудан бас тартуға кеңес береді. Бұл туралы Reuters агенттігі аты-жөні белгісіз 10 дипломатқа сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта саммитке қатысуға 90 мемлекет пен ұйым тіркелген. Олар жиынға Ресейді шақырмау туралы шешім қабылдады. Ал Қытай Киев пен Батыстың шақыруына қарамастан, саммит оның талаптарына, соның ішінде Ресейдің қатыспайтынын алға тартып бұл ұсынысты қабылдамады. Мәскеу аталған саммитті мағынасыз деп атайды.

Жағдайды тікелей білетін екі дипломат дамушы елдердің өкілдерімен сөйлескен кезде қытайлықтар саммитке қатыспауды тікелей сұрамағанын айтқан. Бірақ олар саммит соғысты тек ұзартады деп түсіндірді, дейді Reuters агенттігі. 

Ал, қытайлық дипломаттар батыс өкілдеріне көптеген дамушы елдер Қытайдың ұстанымын бөлісетінін айтқан. 

Reuters Бейжіңнің бұл хабарламаға әлі түсініктеме бермегенін жазады.

Тегтер: