спорт

Рыбакина Австралиядағы турнирмен қоштасты

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-ші орында) Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде ширек финалдағы матчын өткізді.

Рыбакина

Спортшы чехиялық Каролина Мучовамен (20-шы орында) кездесті. Рыбакина үш сетте 2-6, 6-2, 4-6 есебімен жеңіліп қалды. Рыбакина матч басталмас бұрын айқын фаворит саналған еді. Ойын 2 сағат 4 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, турнирдің басында Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуайды (79-шы орында) 6:3, 7:5 есебімен жеңді, кейін испан теннисшісі Паула Бадосаны (25-ші орында) 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз