Саясат

Риддерде апат: Ахметовтің не ойлағаны бар?!

Риддер жылу электр орталығында багер станциясы қайтадан су астында қалған. Аймақ тбасшысы Даниал Ахметов халыққа алаңдауға еш себеп жоқ деп мәлімдеді.

Риддерде апат: Ахметовтің не ойлағаны бар?!

«Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды», — деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша қазір багер станциясында апатты жою жүргізілуде, 4 мотопомпалар, 4 суасты сорғылары іске қосылды.

«Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпараты бойынша 3-4 сағат ішінде апаттың салдары жойылады. Риддер тұрғындарына айтарым- болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған», — деді Д.Ахметов.

Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз