Рината Сұлтанова Қазақстанға Азия ойындарының алғашқы алтынын әкелді
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ұлттық құраманың қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Ол тасжолдағы жекелей жарыста топ жарды.
Сұлтанова қашықтықты 36 минут 23,72 секундта жүріп өтті. Қазақстандық спортшы екінші орын алған Қытай өкілі Чжан Хаоны 4,68 секундқа басып озды. Қытайлық велошабандоздың нәтижесі – 36 минут 28,40 секунд.
Қола медаль Оңтүстік Корея спортшысы Син Джиынға бұйырды. Ол мәреге 36 минут 56,14 секундта жетті.
Бұл – Рината Сұлтанованың қатысып отырған екінші Азия ойындары. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азиадада ол дәл осы сайыс түрінен қола жүлде иеленген.