Өңір

Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Премьер-Министрдіңорынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында субасу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандардықалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Роман Скляр менТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ТЖ салдарын жою жұмыстарымен танысып,Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зардапшеккен елді мекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін биліктарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Мақтааралауданындағы су басқан аумақтарды аралап шықты.

Сапар барысындаМырзакент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70га жер учаскесіндегі жаңа шағын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарытексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдықшығыстарды қамтамасыз ету, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпынакелтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көзделген.

Жаңа шағын ауданныңқұрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмыстары басталды.Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждаужұмыстарын жүргізуде.

Роман Скляр зақымдалғанүйлерді, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, субасқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз