Live

Рудныйдың бас прокуроры ұсталды

Бас прокуратураның мәліметінше, операция 28 қыркүйекте Қостанай облыстық прокуратурасы мен ҰҚК департаменті бірлесіп жүргізген.

Оспанов

"Қостанай облыстық прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өз қатарындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте Рудный қаласының прокурорын қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ақпаратты жария етуге тыйым салатын 201-бабына сілтеме жасап, қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қостанай облысындағы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов. Ол бұл қызметке 2024 жылдың 6 қыркүйегінде тағайындалып, бұған дейін Қостанай облысы Арқалық қаласының прокуроры қызметін атқарған.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз