Өңір

Рұқсат қағаз бен мұқтаждық семейліктерді сергелдеңге түсірді

Қала тұрғындары үшін өткен аптаның сенбі,жексенбі күндері алыпқашпа әңгіме, алашапқын әбігерімен есте қалды.

Рұқсат қағаз бен мұқтаждық  семейліктерді сергелдеңге түсірді

Ел аумағыншарпыған коронавирус індетінің әсерінен облыс орталығы Өскемен мен Семейдіңтұрғындары екі түрлі кезектің қайсысын таңдарын білмей жындысүрей хал кешті. Біріқала ішіндегі қозғалысқа шектеу қойылуына байланысты берілетін рұқсат қағазындер кезінде алып үлгеруден туса, екіншісі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңпәрменімен тағайындалған 42 500 теңге көлемінде берілетін көмек қаражатынақол жеткізуден шықты. Шындығын айтсақ, екеуі де іркес-тіркес шыққандықтан, жұртүрейін алған коронавирустан сақтану шараларын қатаң сақтаудың талабы жайынақалды. Ал бұл мәселеге «басымен жауап беретін» жергілікті әкімдіктіңшенеуніктері жеткізе түсіндіріп жарытпағандықтан, әлеуметтік желі алдында жершұқып отырудан арыға бара алған жоқ.

  «Рұқсатнама», әлде«Рұқсаттама»?

  «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Бұл – қанмайданда қол бастаған батыр Бауыржан Момышұлы қалдырған қанатты сөз. Бүгінгіжағдайға қарап әсері тіптен күшейгені байқала түскендей. Атының өзі миыңдыжаулап, үрейіңді алған қауіпті вирустың қаһарын қайтару үшін, әрине, темірдейтәртіп керек-ақ. Алайда атқарушы билік жалпы халықты «Үйде болайық!» ұраныменқаншама үгіттеп көшеге шықпауға, жөнсіз жүрмеуге, қызықтап қыдырмауға шалашабылып шақырып отырғанымен, көпшілік үшін оның көк тиын құны болмай тұр. Өйткеніәлеуметтік себептер күн тәртібінде тұрғанда, індеттен туған биліктіңміндеттемесінің салмақты шығуы екіталай.  

 Дегенмен шығысөңірдің басшылығы басқа жақтағы әкімдіктерге «еліктемей», жұртты қия басыпшықпауға көндірудің бір көзі «Арнайы рұқсаттама» деген жазуы бар (кәсіпорын,мекеме, БАҚ өкілдері үшін) құжатпен бірге қарапайым халық үшін ақ және жасылтүсті рұқсат қағазын тағайындапты. Бұл тұрғыдан шенеуніктердің «тапқырлығына»дауа жоқ. Ақ түсті құжат алған тұрғын кәдімгі тіршіліктегі қажеттіліктер үшін,яғни банкке, дәріханаға, дүкенге барып қайта алады. Бірақ, қызығы сол, ақтүспен 7 сәуір – тақ күні шыққан адам келесі тәулікте, 8 сәуір жұп сан болуынабайланысты көшеге шыға алмайды. Есесіне жасыл түстегі жұп санды рұқсат қағазиесіне жол ашық. Алайда ол келесі күн 9 сәуірге тап келгендіктен, одан кейінгікүнді сағат санап күтуге мәжбүр.

 Осылайша қазірӨскемен мен Семей тұрғындары таңертең ояна сала «бүгін тұратын күнім бе,жататын күнім бе?» деп күнтізбеге қадала қарайтын күйге түсті. Сөз жоқ, бұл даоблыс әкімі Даниал Ахметовтің қиыннан қиыстырып, тығырықтан шығуға жол табабілген бір тәжірибесі. Алайда бұл да халықтың көкейінен шыққан жоқ. Өйткенімұндай екі тәулікті еншілеген екі түрлі құжат әр үйдің бір адамына ғанаберіледі.

   Ең қызығы,  осынау құжаттың нақты ресми атауының өзіқалай қағазға түскені болды. Ауызекі тілде «рұқсатнама» болып айтылатын құжататы жазбаша қолға тигенде «РҰҚСАТТАМА» болып шыға келді. Әлеуметтік желіқолданушылары бұл құжаттың қалайша дұрыс жазылатынын дәлелдеп әуреге түсті.

   Алдымен Семей қалалық ақпарат орталығынанкелген мәтінге көз салайық:

«Дүйсенбіден бастап халықтың қалабойынша қозғалуы тек рұқсат қағазы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Рұқсатнаманың (? – авт.) І үлгісі қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететінұйымдардың қызметкерлеріне, жұмыс істейтін азаматтарға арналған. ІІ түрі әротбасына, аптасына үш рет сауда орталықтарына, дәріханаларға, банктер менмедициналық мекемелерге бару құқығымен берілді. Жеке автокөлікті пайдалану ендідүйсенбіден жұмаға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің соңғы санына сәйкес,күндізгі уақытта жұп және тақ күнтізбелік күндер бойынша мүмкін болады. Алсағат 21:00-ден 05:00-ге дейін демалыс және мереке күндері көлікпен жүруге тыйымсалынады. Дегенмен қаланың тұрақты тіршілігі мен азық-түлік кәуіпсіздігінқамтамасыз ететін барлық мекемелер жұмыс істейді».(Соңғысөйлемдегі «кәуіпсіздігін» сөзін «қауіпсіздігін» деп түсінеміз, әрине!)

  Көріпотырғанымыздай, әкімдіктің хабарламасы насихатталған мәтінде «Рұқсатнама» сөзіқолданылған. Ал «Рұқсаттама» сөзі қайдан шықты? Тайға таңба басқандайтаратылған қалалық әкімдіктің қағазында «Рұқсаттама» жазуы айқын көрінеді. Алосы қолданысқа байланысты тартыста белгілі айтыс ақыны Фархат Маратұлы: «Рұқсатнама болса, «Рұқсат туралы сөз немесе жыр» дегенмағына береді. Ал «Рұқсаттама» деген сөзде мағына жоқ, рұқсат деген сөзге есімсөзден етістік тудыратын -та жұрнағы қосылмайды (рұқсатта деген сөз жоқ қой). Дұрысы – РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ», – деген пікірін қалдырыпты.

     Сонымен, қойшы, әйтеуір, «Бәрін айт та, бірінайт, Коллективтің жырын айт» дегендей, халық осы «Рұқсаттама» қағазын біресе өзатына, біресе көлігінің нөміріне қарап тіркетіп, ит әуресімен бір күнінбүтіндей сарп етті. Әсіресе Шығыс кентінде дүйсенбі, 6 сәуірден бастап қалаішінде қатынау қиынға айналатынынан секем алған жұрт қарасы молайып, қолдарынабір жапырақ қағаз тигенше коронавирус қаупінен сақтануды қаперінен шығаруынатура келген жағдай қалыптасты. Дәл осы көрініс өткен аптаның сенбі күні Семейқалалық әкімдігінің алдынан да көрініс беріп, әкімдік шенеуніктері мекеме,кәсіпорын басшыларына, жұмыс беруші кәсіпкерлердің қайсыбіріне «Рұқсаттама»жеткізерін білмей дал болды. Ал бұл кезде Семейде коронавирус дертін жұқтыруфактісінің үшіншісі анықталған болатын.

                                      42 500 теңгенің «жыры»

Тек Семей ғана емес, ел-жұртты жаппай елеңдеткен 42 500 теңгекөлемінде берілетін мемлекеттік төлемақының берілуі кімді болсын әуре-сарсаңғатүсірді. Ел аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты карантин тәртібінекөшкен халықтың мұқтаждығын өтеу жайын ойлаған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңүкіметке берген тапсырмасын қарапайым халықтың қуана қабылдағанына шүбә жоқ.Алайда «Бұл қаражат қалай, кімдерге, қандай қажеттіліктермен беріледі?» дегенсауалдарға бірден жауап беруге келгенде үкімет мүшелері дәрменсіз болып шықты.Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов президент тарапынанберілген тапсырманы орындауға қаншалықты «құлшына» кіріскенінegov.kz порталына кірушінің көптігінен «қатып қалуымен»көрсетті. Жұмыс берушілер де, екі қолға бір күрек таба алмай сандалып босжүргендер де «терезеден түсіп тұрған» ақшаны қалай аларын білмей дал болды.Күні интернетке қараған заманда жұрттың бәрі egov.kz-ке телміріпқалуының ақыры қосымша сайт ашуға ұласты. Ақыры күні кеше мәлім болғандай, бұлқаражатты екінің бірі ала алмайтын деңгейге түсті. Оның бір себебі – табысы 500мыңнан асатын 1 млн-ға дейін баратын азаматтар да 42 500 теңге қаражаталудан «дәмелі» болып шыға келген.  

    Ал бұл кезде басқа қалалардағыдай Семейдің де «Қазпошта»мекемесінің, Халық банкі бөлімшелерінің алды қарақұрым кезектің астында қалды.Ақыр соңы бір-ақ жауап: «бүгін-ертең түспейді, базадан қаралады, күтіңіз». Расыкерек, тап осы кезектерге қарап тұрып коронавирус кеселінің халық тұрмысынақаншама залалын (пайдасын емес!) тигізіп кеткенін аңғарасың. Тәртіп жайынақалды, денсаулықты ойлайтын ешкім жоқ, қаражат қажеттілігі «қашан да алға!» Анығы,декреттік демалыстағы аналар ала алмайды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2500теңге көлемінде алдын ала қаражат аударады. 42 500 теңгенің «жырына» нүктеқашан, қалай қойыларын алдағы уақытта тағы да баяндайтын боламыз.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз