Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:55, 02 Шілде 2024

Рүстем Әбдірашев “Фейковый арман” атты жаңа картинасының түсірілімін аяқтады

1

Қазақстандық белгілі Режиссер Рүстем Әбдірашев өзінің “Фейковый арман” атты жаңа картинасының түсірілімін аяқтады.

Фильм қазақтың ұлттық «Көкпар» ойынын жақсы көретін ағайынды екі жігіт Құрмаш пен Баханың өмірі туралы. Уақыт өте келе бұл «ат құлағында ойнайтын» азматтардың көкпар ойыны басқаша мағына мен мәнге ие бола бастағанын байқаймыз. Көшпелілердің ежелден келе жатқан көкпар ойыны қазіргі заман мәдениетін бір шетке қарай ығыстырып, қоршаған ортаның -бүгінгі қоғамның ағысына қарсы жүзген өзгеше бір күш тәрізді.

1

Ағайынды Баха пен Құрмашты батылдар мен ептілер ойнайтын, ер үстінде мығым отыратын жігіттер ғана меңгере алатын көкпар сайысының еркіндігі өзіне тартады.

Ағайындылардың кішісі Құрмаш курьер болып жұмыс істейді. Құрмаштың күнделікті жұмысы арқылы көрермен курерьлік істің барлық шындығын, сипатын бағамдайды. Ағасы Баха -ауылда тұрады, кішігірім шаруашылықты дөңгелетіп отырған үйдің үлкені.

1

Ағайынды екі жігіттің өз өмірі, махаббаты мен армандары, оған жететін өзіндік жолдары бар.
Олар сол армандарына жете ала ма, әлде шынайы құндылықтар арзандаған, гаждет- смартфондар әлемінде аялаған армандары алдамшы болып қала ма, фильмнің соңы көрсетеді.

Фильмнің режиссері Р.Әбдіраш ⁃ 4 жылға жуық созылған “Қазақ хандығы” жобасынан кейін қалпыма келу үшін ,ары қарай творчестволық ізденіске кірісу үшін , белгілі бір уақыт қажет болды. Сондықтан өнер жолыма авторлық фильммен оралғаным мен үшін маңызды әрі қуантарлық жағдай. Өйткені авторлық кино арқылы , өзіңнің бұл дүниеге ,болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасыңды ,сезіміңді білдіре аласың. ”Фейковый арман” -қарапайым адамдар туралы оқиғаны баяндайды. Үлкен қала мен ауылдың тынысын басты кейіпкерлер арқылы көрсететін фильм.

Фильмді “Centaurus Rustem Abdrashev production” компаниясы Мемлекеттік Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асуда.

Сценарийін жазған Рүстем Әбдірашев пен Ғазиз Насыров. Продюсерлері Мәдина Есманова және Азат Жапеков.

Басты рөлдерде ойнағандар: Ербол Семқұлов, Олжас Тоғымбет ,Ержан Түсіпов,Ақбота Әбдібек және Светлана Тарасова.

Фильмнің жарыққа шығуы 2025 жылдың бас кезіне қарай жоспарланған.