Руханият

Рыбакина үшінші айналымда

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда.

Рыбакина үшінші айналымда

 Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездесіп, екі сетке созылған матчта жерлесіміз 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. 

Тегтер: Без Тега
Заңғар Керім,Арнайы «Жас Алаш» Үшін Токиодан
Заңғар Керім,Арнайы «Жас Алаш» Үшін Токиодан Заңғар Керім,Арнайы «Жас Алаш» Үшін Токиодан

Оқыңыз