Қоғам

Сағынтаев алматылықтардан қолдау сұрады

Алматы қаласыныңжаңа әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Алматы қаласы тұрғындарына арнайы видеоүндеужасады.

Сағынтаев алматылықтардан қолдау сұрады

Ол әлеуметтік желілерде таратылған видеода алматылықтар алдындағы зоржауапкершілік сезінетінін айта келіп:

— Менің басты мақсатым – Алматыны әр тұрғыны берекеліөмір сүретін қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Қаланыңпроблемалары мен даму стратегиясын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді:Сіздермен ашық байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілеріндетіркелдім. Барлығымыздың тағдырымыз үшін маңызды шешім қабылдар кезде сіздердіңқолдауларыңыз мен үшін маңызды, — деді жаңа әкім.

Еске сала кетсек,29 маусымда ҚР президенті әкімшілігінің басшысы қызметіндегі Бақытжан СағынтаевАлматы қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал, Алматының бұрынғы әкіміБауыржан БАЙБЕК бұрын атқарған «Нұр Отан» партиясы төрағасының біріншіорынбасары қызметіне ауысқан.

Фото: ult.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз