Саясат

Сағынтаев отставкаға кетуге дайын

Алматы әкіміБақытжан Сағынтаев отставкаға кетуге дайын екендігін айтты. Бұл жөнінде ол Нұр-Сұлтанқаласында өткен «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау» баспасөз мәслихатындамәлімдеді.

Сағынтаев отставкаға кетуге дайын

Сағынтаевтыңсөзінше, қарамағындағы қызметкерлер жемқорлық бабымен ұсталатын болса, онда олөз еркімен отставкаға кетуге дайын.

«Заңның аты заң. Заңдық нормаларды орындау керек. Егерқұдай сақтасын әрине, менің қарамағымдағы адамдар істі болып, оны сотдәлелдесе, заңға сәйкес, мен отставкаға кетуіге тиіспін. Президент айтқандай,ол отставканы қабылдау немесе қабылдамау мемлекет басшысының шешімінебайланысты. Мен заң шеңберінде әрекет ететін боламын», — деді Алматы қаласыныңәкімі.

Естеріңізге салайық,президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бұған дейін түзетулер мен толықтырулар енгізілген«мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес» туралы заңға қол қойған. Жаңа заңбойынша, басшылық қызметте отырған шенді қарамағындағы адам жемқорлық бабыменұсталып, істі болса автоматты түрде қызметтен кетуі тиіс.

Фото: almaty.tv

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз