Сахнада әдепсіз сөз айтқан әнші жауапқа тартылды
Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғанын анықтады.
Жарияланған бейнежазбада өнер көрсетіп тұрған орындаушының көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданғаны көрінеді. Осылайша ол қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын сақтамаған.
Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің ұсақ бұзақылық ретінде бағаланатынын және қоғамдық тәртіпті бұзатынын атап өтті.
Сот шешімімен ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.