Саясат

«Сайлауға байланысты әлеуметтік сауалнама тапсырыспен жүргізіледі»

Орталық сайлау комиссиясы әділетті әрі ашық сайлау өткізуі тиіс. Белгілібір кандидатқа дауыс жинап беру ОСК-ның функциясына жатпайды.

«Сайлауға байланысты әлеуметтік сауалнама тапсырыспен жүргізіледі»

Бұндай пікірді «Жас АЛАШ»тілшісіне саясаттанушы МаксимКАЗНАЧЕЕВ білдірді. 

Жуырда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы президенттік сайлауға орайәлеуметтік сауалнаманың нәтижесін жариялады. Саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВбасқаратын мекеме осыдан алты жыл бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢбастамасымен ашылған. Сонымен сауланама нәтижесі бойынша «Нұр Отан» партиясыұсынған үміткер 72,7 % алдыға шықса, оппозициялық саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ 7,9% екінші орынды иеленген. Қалған бес кандидат 6 % да  жинай алмаған.

Саясаттанушы Максим Казначеев Ақорда дәл осы нәтижені көргісі келеді дегенпікірде. Сондықтан билікшіл ұйымдарға ғана сауаланама өткізуге рұқсат екен.

«Бұндай сауалнама негізгікандидаттың шынайы рейтингін жасыру үшін жасалады. Тапсырыс беруші осысаулнамадағы нәтижені көргісі келеді. Бұл алдын ала осыған көпшіліктің етінүйрету десек те болады. Негізі ОСК-ның қызметі әділ әрі ашық сайлау ұйымдастыру.Белгілі бір кандидатқа дауыс жинап беру олардың функиясына жатпайды», — дейдісаясаттанушы Максим Казначеев.

otyrar.kzсайтының жазуынша, әлеуметтік сауалнаманы кез-келген адам жүргізе алмайды. Әлеуметтікжелі пайдаланушыларының сол үшін әкімшілік жазаға тартылғаны баршаға аян. Интернетбасылымдар да заң алдында жауап берген еді. «ҚР сайлау туралы» Конституциялықзаңның 28 бабының, 9-шы тармағына сәйкес  бес жыл еңбек өтілімі барұйымдар ғана әлеуметтік сауалнама өткізе алады. ОСК-на «Қоғамдық пікір»институты мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғана сауалнама өткізуге ықластанытқан екен.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығының басшысы ГүлмираИЛЕУОВА ОСК-сы әлеуметтанушылар жұмысына кедергі келтіріп жатпағанын айтады.Бірақ маңызды саяси науқан алдында сауалнама өткізудің қиындығы барын жасырмайды.

«Әлеуметтік сауалнама өткізу үшінрұқсат сұраудың қажеті жоқ. Бар-жоғы ОСК-на өткізетініңізді ескертуіңіз шарт.Біз оларға хабарластық. Қандай құжат өткізу керек? Қайда жіберуіміз керекдегендей бірнеше сұрақтарымыз болды. Олар заңды оқыңдар деп қысқа қайыра салды.Заңды түрліше таратуға болады. Қысқасы, біз заңды оқып шыққанымызбен еш нәрсенітүсінбедік», — дейді зерттеу жүргізе алмаған әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова.

Сарапшылар Орталық сайлау комиссиясының қандайда бір әлеуметтік сауланамалардыаңдуы елдегі декоративті демократияның көрінісі дейді.

Фото: 7news.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз