Сайлауға бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінді
2019-жылдың 9-маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына мемлекеттік бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінген.
Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында хабарланды.
Үкіметтіңрезервтегі қаржысынан 2019 жылы міндетті түрде жұмсалуға тиіс ақша — 9 404 771 000теңгені құрайды. Оның 9 347 885 000 теңгесі – Орталық сайлаукомиссиясына, 56 886 000 теңгесі – Сыртқы істер министрлігінебөлінген.
Бұл қомақтықаражат Қаржы министрлігінің 12 сәуір күні бекіткен шартына сәйкесқарастырылған.
«Жобаазаматтардың билікті еркін сайлау арқылы таңдайтын конституциялық құқығын сақтауғабағытталған», — делінген хабарламада.
Бұл жоба 29-сәуіркүні жалпыхалықтық талқылауға ұсынылмақ.
Айта кету керек,9-сәуірде бұл сайлауға ОСК 12 млрд теңге сұраған, дегенмен, Қаржы министрлігібұл цифрдің аздап қысқаруы мүмкін екенін айтқан.
Министрлікесебіне сәйкес, сайлау шығынының 70 пайызы сайлау округтерінде жұмыс істейтінқызметкерлердің еңбекақысына жұмсалмақ.
Еске түсірсек,2015 жылы өткен кезектен тыс сайлауға 5 млрд теңге жұмсалған.
Фото: glavred.info