Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:09, 16 Қазан 2023

Салық жүйесі цифрлық форматқа көшеді

салық
Ашық дереккөзден

Салық кодексін құрудағы басты міндет – азаматтар үшін салық төлеу процесін мейлінше жеңілдету.

Осы мақсатта Қаржы министрлігі бірқатар жаңашылдықтарды енгізіп отыр. Сондықтан құрамында бизнес өкілдері бар арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар қосылған құн салығын басқару, салықтықтарды тексеру, камералдық барлау, салықты мәжбүрлеп алу сынды мәселелерді талқылайды.

Заң жобасын әзірлеп жатқан авторлардың айтуынша, салықтарды төлеуді жеңілдетуді жолдары ұсынылмақ. Соның бірі - есептілікті толтыру кезінде салықшыларға жәрдемдесу. Бүгінде салық төлеушінің міндеттемелері мен банктік шоттарда шектеулері болған жағдайда камералдық бақылау хабарламасы ғана жіберіледі. Бірақ енді салық төлеуші тіркелген сәттен бастап фискалдық қолдау қағидаты іске қосылады.

Тағы да бір өзгеріс – енді салық төлеушінің барлық рәсімдері банк шотына тіркелген. Онда барлық төлемді бір батырманы басу арқылы жасауға болады.

Тегтер: