Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:14, 19 Шілде 2024

«Самұрық-Қазынаның» 2023 жылғы кірісі 15,4 трлн теңге болды

f
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ кірісі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 15,4 трлн теңгеге ұлғайды.

2023 жылғы қорытындылары бойынша Қор компанияларының кірісі 4%-ға өсті, яғни 15,4 трлн. теңгені құрады. Активтер өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен.

Қор мәліметінше, бұған топтың бірқатар негізгі өндірістік көрсеткіштерінің өсуі әсер еткені айтылады.

Уранды өндіру көлемі 18,1 мың тоннаны құрады (бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,4%-ға артық). «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кірісі айтарлықтай өсті; 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол арқылы жүк айналымының көлемі 262,4 млрд. тонна/км құрады (өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға артық). Транзиттік жүк пен импорттық жүкті тасымалдау көлемі өсті, яғни бұл кіріс мөлшеріне оң әсерін тигізді;

QazaqGaz табиғи газды өндіру көлемі 24,1 млрд. м3 құрады және өткен жылдың көрсеткіштері 1,4 млрд. м3 асып түсті;

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 23,5 млн.тонна деңгейіне жетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 6,8%-ға жоғары. Алайда, ҚМГ қызметінің нәтижелеріне мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі айтарлықтай әсерін тигізді, делінген хабарламада.

2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер көлемі шамамен 513 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы акционердің пайдасына - 1,5 трлн. теңгеге жуық рекордтық соманы төлеген.