Саясат

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Қылмыстық іс қозғалғаны белгілі (Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі).

2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенова Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылданды.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды.

Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылық бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда туындайды.

Алайда, тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ.

«Осыған байланысты, Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы)», — делінген хабарламада.

Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген.

Сондықтан материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды.

Еске салайық, 11 тамызда Талдықорғанда полиция белгілі журналист және азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенованы біреудің жеке өмірі туралы ақпарат таратқаны туралы арызы бойынша ұстаған болатын.

15 тамызда үкімет отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Марат Қожаевтан полицияның Сандуғаш Дүйсенованы түсірген видеосының заңдылығы туралы сұрақ қойылды. 

Тегтер: Без Тега
Т. Раушанұлы
Т. Раушанұлы Т. Раушанұлы

Оқыңыз