спорт

Санжар Әділов Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Санжар Әділов

Әділов дәстүрлі стильдегі ММА жарысында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Қазақстанның ММА-дан Азия ойындарындағы алғашқы медалі

Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, Санжар Әділовтің жүлдесі Қазақстан үшін тарихи медаль саналады. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізілді.

Осылайша, Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі атанды.

XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты медаль – төрт алтын және екі қола жүлде иеленді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз