Өңір

Санжар Бекжанов. Қараңғы көшедегі шырақ

Тұтқадағыдауыс алыстай берді...Маңдайыматамған жаңбырдың алғашқы тамшысынан: «Күнөлді» — дедім.

Санжар Бекжанов. Қараңғы көшедегі шырақ

Бұрынүлкендер ауыр жұмысты жоспарлаған кезде, ертең жаңбыр жауса екен деп тілеушіедік. Тілегіміз қабыл болса көкке сеніммен қарайтынбыз. Бүгінгі жоспарымүзілгенде, көзқарасымда күмән болды. Әрине кез-келген ауа райына қарамай өзіңдіөлтіру мәселе емес. Керісінше: ол өлгенде күн аяз немесе аспан тесілгендейжаңбыр құйып тұрды деген естелікке жақсы ма деп ойлаймын. Айналып келгенде өзөміріңді қалай, қашан аяқтауыңды шешуге құқылы шығарсың?

Күздіңекінші айы, тұла бойыңды жағымды жылытқан күн. Қатты ыстық та, суық та емес.Орталық саябақты аралап, «Хилтон» қонақ үйінің ең жоғарғы қабатынакөтерілесің, терезедегі әдемі көрініс, осы күннің құрметіне ашылған шарап.Қабырғадағы колонкадан төгілген әуезді ән өлім туралы ойларыңды көркемдейтүсетіндей, кеңістік пен уақыт үшеуін бір нүктеде тоғыстырады…

Бұләңгіменің “Әйел жұпары” филміне мүлде қатысы жоқ, жаңа осыны жазып отырып есіметүскені. Атмосферасы өте әдемі фильм. Бас кейіпкер, Хэм әкейдің: “Еркек несоғыста, не атылып өлу керек” — деген сөзін ұстанатын сияқты, әрине өзі демайдан көріп, сол жерде жанарынан айырылған адамда басқа қандай арман болсын?Сюжет барысында басқа да нәзік детальдарды көп байқайсың, оны сөзбентүсіндірген қызық емес.

Көшебойымен аққан суды кім қаттырақ шашады деп уәделескендей, жолдың шетінетығылған адамдарға қарамастан зулаған көліктер. Блюздыңеденнен төбеге дейін созылған терезесінен көптеген қызықты нәрсені көругеболады. Көбінесе құлаққап тағып отырғанда кино көргендей күй кешетінмін. Бұл — орталық көшелердің бірінде орналасқан, өнерге жақын, неше түрлі образдағыадамдардың келетін жері еді. Аптасына жеті күн, тәулік бойы істейтін кітапдүкеніне жапсарлас орналасқандықтан гуманитарлық бағыттағы адамдар ғанапаналайтын. Кейде түскі астан кейін кофе ішуге келетін қызметкерлер болмаса,алтыдан кейін тұрақты қонақтар ғана отырады.

Шатырдыңшетінен тырс-тырс құлаған жауынның суы. Жаңбырдан кейін тазарған ауа, көшелертыныштықта мүлгиді. Сапырылыс аяқталды. адамдар да баяу. Тағы да шыдамдылықтанытуға тура келеді. Ертең қарашаның бірі…

Өлгенненкейін нирванаға кенелу үшін, жоспарымды жақсы көретін мезгілімде жүзеге асыруымкерек.

Блюздың есігі ашылған сайын елеңдеймін.Сыбырлап айтайын. "Өзіңді күнде өлтіру" деген тағы бір тәсіл бар.Бірақ оны қолданудың өзіндік шарттары бар. Ол үшін жалғыз болмау керек, әсіресекөпшілік жүретін жерде. Жынды деп ойлауы мүмкін, ал біздің қоғамда«маскүнем» деген айдар тағады ондайларға.

Әлісағат төрт болатын. Қарсы бұрышта қоғам белсендісі атанған, 37-де оққа ұшқанақынның немересі ноутпен жұмыс істеп отыр. Қазақша ойламайтындар ойын қорықпай,ашық айтатынын көп байқаймын.Бізден басқа отырған ешкім жоқ, бардың жанындакеңседе істейтін екі қыз кофелерін күтіп тұр. Студент кезімде Ленинніңескерткішінің жанындағы жиында болғам. Әлдекімдер айқайлап өлең оқыды, әнайтты, тілді насихаттады. Ол жылда болатын жиын еді. Формалды дүниелер.Кейіннен білдім. Зиялы деген сөздің мәні, мен үшін галстукпен ғана шектелетінболу керек ол кезде. Жалқаулығыма рақмет. Одан кейін олардың ешбірін көрмедім.

Кіреберісте тұрған газеттің жаңа сандарын сапырдым. “Мінсіз өлім” тақырыбы қаттықызықтырды. “Ар және әдебиет” газетінің бірінші бетінде жұқалтаң тартқан,жанары мейірімге толы кісінің суреті: “Көктемнің шуақты күндерінің бірінде,әдебиетіміздің белді өкілі, ақын, сыншы…мезгілсіз ажал құшты. Ақынды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі жексенбі күні,Мәдениет және Өнер үйінде өтеді…” ары қарай артында қалған бала-шағасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыздеген мәтінмен аяқталыпты. Тақырып мәтінге мүлде келмейтін сияқты. Әлде бірәріптен қате кетті ме?

— Аға, маған тағы бір кофе жасаңызшы.

— Екі шыны іштің ендігісі артық болар.Шәй жасап берейін?

— Жақсы.

— Лимон, жалбыз қосайын ба?

— Артық болмайтын шығар. Жігіттеркеліп жүр ме?

— Аптаның бір күнінде келмей қалуларымүмкін, былай кешке әдеттегі орындарында болады. Сен көрінбейсің?

— Мен бармын ғой, — “уақытша” дегендіішімнен айттым.

Ағаменшәй ішіп алған соң, жұмыс уақытының аяқталуын күттім. Мінсіз өлім қандайболады, ол үшін не істеу керек? Сонда менікі жәй өлім бола ма? Осы бір ойларданарыла алмай, арты-артынан темекі тартып отырғанда орыс баспасында істейтінкісілер кіріп келді. Бәрінің айтатын әңгімелері өлген кісінің төңірегінде:жақсы адам болатын, не жетпейді, ақылы сонша нәрсеге жеткенде қолындағы жалғызөмірін сақтауға жетпеді ме? — деп, орындарына жайғасып жатты. Ішіндегі ең жасытапсырыс беруге кетті. Жақсы бала, мектеп бітіре салысымен жұмысқа келді.Алғашында газет таратты, корректор болды, енді бірер жылда жауапты хатшы болуыда ғажап емес. Өзі ішпесе де ағаларымен келіп тұрады. Себебі жұмыстан кейін“шәй ішу” ол дәстүр. Әдетте орыс бөлімінде жұмыс орнында тамақ ішу деген атыменжоқ еді. Біздің редакцияда жұмыстан бөлек: түскі ас, бестің шәйі, тойдыңсарқыты сияқты ырың-жырыңдар боп тұратын.

Кешқарая бастады. Топ-тобымен кірген адамдардың көбісін танымадым. Ағаларға сәлемберіп, құрдастарыма қарай жақындадым.

— Ағадан айрылдық. — деді, бәрініңкөңілі түсіп кеткен. Марқұмның үйінен келе жатыр екен.

Бәріжайғасып болған соң, үнсіз екі рюмка көтерілді. Біраз естеліктер айтты. Тағы дарюмка көтерілді. Үнсіз. Менің қызықсыз өмірімнің тағы бір жылы осылайбасталды...

 

***

Сенбікүні кешке дейін қабырғаны зерттедім. Таңғы асқа омлет қуырдым. Бала кездеосыны шешем үйретіп еді. Неше түрлі тамақ істеп үйретсе де, оның жалғыз құпиясыоттың кондициясын дұрыс таңдау болатын. Тағы бір сөзі: “Тамақ махаббатпенпіседі”.

Қарашаайы осындай сарында өтеді. Бұл — депрессия емес. Біздің халықта, әсіресе өзтілімізде ойлап, сөйлейтін адамдар ешқашан ондай нәрсеге ұшырамайды. Өзтілімізде деген сөздің астын сызу керек. Тағдырдың тауқыметін көргендер “уақытемдейдіге” салып ұмытып кетеді. Бөлмеге қамалып, қоғамнан баз кешетіншетелдіктерді көргенде миығынан күлетіні де сондықтан. Таң қалу, сезім білдіру,жалпы эмоцияны сыртқа шығаруға келгенде аздап шорқақтаумыз. Бізге «кім не дейді?»деген маңызды.

Түстенкейін редакторға хабарластым. Бір аптадан кейін жұмысқа шығатынымды ескерттім.Қабырғада ілулі “Таксидегі еркекке” біраз қарап жаттым. Бұл картинаны әйелімекеуміз арбаттан алғанбыз, үйленгеніміздің алғашқы бақытты жылдары еді. Үйденкетіп бара жатқанда осы суретті ғана алдым. Ол аквариумдегі жалғыз балығымыздыалды.

— Обалына қалып жүрмейік. Сен детамақтануды ұмытпа. Киімдерімді жинап жүргенде алдағыөміріме нұсқаулық беріп, сосынәдеттегідей құшағыма кіріп мойнымнан иіскеп, — шығатын уақыт болды, — деді.

Екеумізесіктің алдына шығып екі жақа жүре бердік.

Жақын араласатын драматург ағам қалада пәтер жалдаптұрған кезінде сабақтан кейін соғып тұратынмын. Ананы-мынаны әңгімелеген соңтерезеге қарап: «ішетін күн екен бүгін» деуші еді. Сосын, жұпыны шапанын иығынаіліп, “бұрышқа” қарай жол бастайтын. Кәзір ол бұрыш жоқ. Синатраның әні, сарыфильтрлі мальборо, қырау-қырау терезе, ол кездер Фицжеральдтің “джаз дәуіріне”ұқсайтын.

— “Мүйізтұмсық” деген пьессаны білесің бе? — бұрышқакіріп, тапсырысымызды күтіп отырғанда кезекті әңгімесін бастады.

— Мүйізтұмсық деген не? — дедім, сұрағына сұрақпен жауапберіп.

— Жалғыз мүйізі бар, ой орысшасын ұмытып тұрғаным…

— Носорог па?

— Иә!

— Енді сөйтіп айтпайсың ба, мына сөзді бірінші рет естіптұрмын — деймін мен. Қалада өскен соң дым білмейді деп міңгірлеп жатып шылымтұтатты, мен әдеттегідей күлдім.

— Міне сол “Носорог” пьесасының негізгі мәні екіншідүниежүзілік соғысқа қатысты. Әлгі жануар ауылға кіріп, адамдар есін жиғаншажан-жағын жайпап, бәрін қиратады. Соғыс та солай оқыстан басталған жоқ па? — деді. Мен ойланып қалдым. Кез келген мәтіндегі автордың түпкі ойын зерттеуге,символдар мен образдардың мәнін түсіндіруге шебер еді. Сондай әңгімелерінсүйсініп тыңдайтынмын. Әсіресе тарих мұғалімі мен директордың әңгімесі кетпейдіесімнен. Сол жердегі: ашық тұрған терезеден естілген балалардың шуы оқытушы мендиректордың әңгімесіне кедергі келтіреді. Мұндағы кілт сөз: тарих. Ондайәңгімелер бізде көп болды. Жатақхана терезесінен көзіңе түсетін, тіршілігіқайнап жатқан қаланың бір бұрышында айтылған сол әңгімелердің аяғы жоқ сияқтыеді. Кәзір сол кездерді ойлап отырып: “Біздің өтe бір жарлы, әрі өтe бірбақытты сoнау бір шағымыздағы Париж, мінe, oсындай бoлатын” деген сөз ойымаоралады. Жүрегіміз үмітке толы сол шақтар қандай аяулы еді.

Телефон екінші рет толғаған кезде барып ойлардыңортасынан шығып, экранға қарадым, белгісіз нөмір. Дыбысын өшіре салдым. Екіминут өтпей қайтадан сол нөмір жанды экраннан. Ақыры көтердім, ар жақтағы жасжігіттің дауысы жарқын естіледі.

— Сэм аға, — дауысында біртүрлі сенімсіздік бар еді. — Сізбе? — Сәмет деген шын атымды қолданыстан алып тастау үшін өзімше өзгертіпалғам.

— Иә

— Әрең дегенде таптым ғой сізді. Мен баяғы студентіңізбін, сізге кофе әкеп беретін.

— Атың кім еді?

— Ақбаев Арман.

— Иә, енді таныдым.

— Сізге жолығайын деп едім.

— Қашан?

— Бүгін болса, тіпті жақсы, сізді блюзға іздепкелгем, нөміріңізді осы жерден таптым.

— Қандай шаруамен келдің?

— Шынымды айтсам, біраз жыл болды сізді іздегеніме. Жеке сөйлессек...

— Жақсы, тек кездесетін басқа жер тап.

— Онда қайта хабарласып мекен-жайды айтам.

Телефондықойып, асықпай жиналдым. Жатақхана тұрғындары кешкі астың қамына кіріскенсияқты. Дәлізден әртүрлі қоспалардың, майға шыжғырған пияздың иісі шығады.Сағат алтыға таяп қалған екен. Менің де қарным ашты. Әдетте түскі ас пен таңғыастың біреуін ғана ішетінмін. Жұмыс істеп жүргенде таңертең су ішіп қана шығыпкететінмін. Сол себепті күніне екі рет қана толық тамақтануға ағзам әбденүйреніп алған. Есікті бекітіп, далаға шығатын есікке беттедім. 201-бөлменіңалдында балалар отыр екен. Түрлерінде бір үрей бар, тек ең кішкентайы бармағынаузына салып, ұйқысырап отыр.

— Хатидже, бірдеңе болды ма? Үйге кіре алмай отырған болар дедім.

— Әкеміздің кеткеніне көп күн болды,қайтып келмейтін сияқты.

— Жұмыста шығар, келмеймін деп өзіайтты ма?

— Анам кеше түнімен жылап шықты.

— Анаң қайда?

— Есікті ашпайды. Былғарымен қапталып, әрбір жерденмақтасы шыққан есікке қорқынышпен қарады. Мен телефонды алып үлгергенше, формакиген екі қызметкер келді. Айтулары бойынша қарсыдаға көрші хабарласқан,балалардың отырғанына біраз болыпты. Менен жақсы араласасың ба деп сұрады.Үлкен қызы бір-екі рет тұз сұрағаны болмаса, әке-шешесін танымайтынымды айттым.

— Әкелері адасқан топқа қосылып, шетелауыпты. Сөйлеп тұрып балаларға көз тастады.Олардың жанарында тұрып қалған сұраққа не айтам деп басы қатып, жандүниесіндеарпалыс жүріп жатқандай. Хатиджеге, оның қолында отырған інісіне, олардыңқасындағы үш балаға қарадым. Біз тұрған дәліз белгісіз кеңістікке ауысып, өкпемтарылып, ауа ауырлағандай болды. Телефонмен сөйлескендей болып, асығысбаспалдақпен түсіп кеттім. Кеш үйіріліп, есіктің алдына адам қарасы көбейебастапты. Жедел жәрдем, басқа да орталықтардың көліктері тұр. Бес баланыңжанарындағы күмәнді ешқандай құдай сейілте алмайды енді…

 

***

Қараша.Сырт киімнің саңылауынан жүгірген суық жел. Пальтомның жағасын көтеріп,жан-жағымнан өткен адамдардың асыққанына қарап қызықтым.Олардың әр минуты санаулы сияқты. Олар бір жақа асығады, оларды біреу күтеді,түптің түбінде жолдары қандай да бір нәтижемен аяқталады. Менің жолымныңаяғында тек қана бос кеңістік немесе мүлдем қараңғылық тұрған сияқты. Өнератаулыға қызығып, оқыған мәтін, көрген суреттердің мәнін түсіну үшін қаттыойланатынмын. Миымды қанша қинап, өзімді қанша мықшындасам да нәтиже шықпайтын.Ол кездері мен де асыққан болуым керек. Әсіресе “Қара шаршының” мәнін білгімкеліп көп қиналдым. Сәтсіз. Кәдімгі қара шаршы, басқа түк те жоқ. Одан кейінекі-үш айдай өткен. Ұйқысыз түндердің бірінде “Қара шаршыға” қарап жатып өткенөмірімді көрдім. Бүгінгі күнге дейін сүрген өмір өзімдікіеместей қара шаршының ішінен өзімді танымадым. Осындай сәттерде қаланың қараңғыкөшелеріндегі шырақтарға ұқсайтын естеліктер өміріңе сәуле түсіретін сияқты.

Жоспарланған кездесу ұзаққа созылмады. Британдық стильдежасалған бардың жайлы орындығында айтылған әңгіменің көбісі есімде қалмапты.“Түс көрмейтін адам” деген тақырыбы бар романның қолжазбасын ары аударып, беріаударып, бір аптадан кейін хабарласатынымды айттым. Тақырыбы қаншақызықтырғанымен бас салып оқуға құштарым болмады. Сосын аздап шарап ішілді.

Ескі үйдің жанынан өткенде “кіріп шығу” деген ойдың қалайпайда болғанын білмеймін. Кілітті екі рет бұрадым. Бұрынғы “иіс”. Қайтып келіп,күтіп жүрген шығар дедім, ешкім жоқ. Ортаңғы бөлмедегі кітап оқитын кресломаотырдым. Үстелде ашық қалған соңғы кітапты қолыма алдым. Оқып отырып ұйықтапкетіппін. Түсімде оны тағы көрдім. Әдемі береткасын сәл ғана қисайтып киіпалған, жолдың арғы бетіндегі аялдамадан қолын бұлғайды. Сосын аялдамадағыавтобусқа бір, маған бір қарап, көзінен ыршып түскен жасты сүртіп, жымиды да,автобусқа қарай жүгіріп кетті. Еріндерінен “ертең келемін” деген сөздіоқығандай қуанып, барлығы өңімде болғандай, оянғанда тағы бір үміттің оты жарқетті. Көзімді ашсам ала көлеңке бөлмеде отырмын. Жаңағы көрген түсімнің ізі дежоқ. Тек аквариумдегі судың бетінде қалқыған өлі балық, өлі тыныштық және мен…

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз