Өңір

Сапарбаев ауыл әкімдерін де сырттан таси ма?

Әулиеатаға әкімболып келе салысымен-ақ төрт құбыласын сайлап алған Бердібек Сапарбаев әзіршеауыс-түйіс жасауды саябырсытпайтын сияқты.

Сапарбаев ауыл әкімдерін де сырттан таси ма?

Күні бүгінге дейін үш орынбасарын,бірер басқарма басшысын ауыстырып үлгерген Б.Мәшбекұлы Тараз қаласының әкіміАйтқазы Қарабалаевты да ақыры кетіріп тынатындай. Сонымен қатар Шу ауданыныңәкімі Жарылқасын Айтақов та жүгін буып-түйіп дайын отырған көрінеді.

Күні кешеге дейін,2 аптадай А.Қарабалаев та, Ж.Айтақов та «болничныйда» болды.  Осы кезде Қарабалаев жайлы қауесет ел арасынажылдам тарап, әлдебіреулер оны қызметімен қош айтыстырып жатты. Бірақ, осыаптада Айтекең сауығып шығып, жұмысына кірісті. Жалпы, әкімдер «болничныйда»болса, олардың қызметіне қатысты үлкен мәселе туындағанын, ауруханаға басшыларауырып жатпайтыны жайында айтылатын түрлі әңгімені жоққа шығаруға болмас. Елдіңайтуынша, басшылар сол аралықта жоғарыдағы «көке-жәкелеріне» шығып, қызметіндеқалуға күш салып бағады. Бұл ретте, ел ішінде Сапарбаевтың «анау-мынауды» тыңдайбермейтінін, санаспайтынын жыр-ғып айтушылар көп. Осымен екінші мәрте орнындаәупірімдеп әрең қалған Қарабалаевтың мәселесі енді бірінші жартыжылдықтыңқорытындысы бойынша қаралатын болады.

Ал Шу ауданыныңәкімі Жарылқасын Айтақов ауруханада ем алып жатқанында қол астындағы қызметкері,Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Есеев 2 миллион теңге параменұсталған болатын. Қолданыстағы заңға сәйкес, қол астындағы өзі тағайындағанқызметкер сыбайластықпен шатылатын болса, бірінші басшы жауап беруі керек. Бұлретте, Айтақовты қызметкері парамен ұсталып жатқанда «болничныйда» болғаны қызметіндеқалуына көмектесе ме, жоқ па, белгісіз.

Санаспайды дегенненшығады, Бердібек Мәшбекұлы қызметке сырттан кадр алдыруға құмар екені,командасымен көшіп-қонып жүретіні бұрыннан белгілі ғой. Бірақ, Әулиеата жерінеәкім болып келгелі еркінсіп, тіпті аудан әкімінің орынбасары қызметіне дейінсырттан келуде. Әрине, Жуалы ауданы әкімінің орынбасарын аталған ауданның әкіміНарбай Ергөбеков тағайындайтынын білеміз. Бірақ, Ернұр Қалмырзаевтың еңбекжолына қарасаңыз, бұл қызметке тағайындалуына Сапарбаевтың немесе онымен ерекелген орынбасарының септігі тимеді деп сау адамды сендіру қиын. Бүгінде жамбылдықтарарасында «Сапарбаев жақын күндері ауыл әкімдерін де сырттан таситын шығар»деген әзіл-шыны аралас әңгіме тарап кетті.

Тегiнде «Істiң тетiгiн кадр шешеді»деген рас. Мейлі ғой, кадрлар кешегi Колбин сияқты көршi елден келiп жатқанжоқ. Қайдан келсе де, осы елдiң баласы. Тек әйтеуір, Сапарбаевтың сырттан аттайқалап алдырған кадрлары «чемоданный настроениемен» жұмыс істемесе болғаны да. АқырыАллаға аян, бірақ Бердібек Мәшбекұлының Әулиеатадағы әкімдік қызметі аяқталғансәттен-ақ бұл келіп жатқан басшылар да жүктерін жиыстыра бастайтынын болжауүшін Ванга болудың қажеті жоқ шығар. Олай дейтініміз «Дүние кезек» демекші,Мырзахметов қызметінен босағаннан соң көп ұзамай-ақ онымен ере келген Дауылбаевбастаған «дәулердің» желдері шығып, келген ізімен кері тайып тұрды емеспе?   

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

Жамбыл облысы

  

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз