Өңір

Сапарбаев Қарабалаевты сілкіп-сілкіп алды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек СапарбаевТараз қаласында бірінші тоқсанда атқарылуға тиіс жұмыстар бойынша шаһар басшысыАйтқазы Қарабалаевты сілкіп-сілкіп алды.

Сапарбаев Қарабалаевты сілкіп-сілкіп алды

Сөзінің басын «Тараз әкімдігі қалғыпотырады, қашан оянатыны белгісіз» дегеннен бастаған өңір басшысы Қарабалаевқа«жұмыс істегісі келетін адам мүмкіндік іздейді, істегісі келмеген себепіздейді» дегенді алға тартты.

   Жалпы,қала тұрғындары қалалық қызметтер мен тікелей Тараз әкімдігінің жұмысынабайланысты 16 мыңнан астам өтініш жолдапты. Тек әлеуметтік желілердеСапарбаевтың атына қалалық әкімдіктің қызметіне қатысты 178 өтініш келіп түссе,олардың 33-і ғана орындалған. Тұрғындар, негізінен, қоғамдық көлік жұмысыныңнашарлығы, автобус аялдамаларының жай-күйі, жол жамылғысы, қоқыстың, ашықлюктердің көптігі, ағаштарды заңсыз кесу және тағы басқа осы секілді мәселелер төңірегіндеөтініш айтқан. Бұдан бөлек, облыс бойынша түрлі әлеуметтік-экономикалықкөрсеткіштердің орындалмауына негізінен Тараз қаласы әкімдігінің қызметі керіәсерін тигізіп отыр екен. Бұл ретте бюджеттік салық түсімдерінің қысқарғанытағы бар.

 «Қалалықтар өздерін толғандырған мәселелеріншешіп беруді өтініп, облыстық әкімдікке қоңырау шалып, әлеуметтік желілерарқылы дабыл қағуда. Себебі ұйымдастыру жұмыстары әлсіз, тиісті бақылау жоқ», –деген Сапарбаев:

     –Тараз қаласының әкіміне адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттардыжүйелендіру, жаңа, сыйымды автобустар сатып алу мәселесін шешу, электрондыбилеттендіру мен GPS-бақылауды енгізу бойынша тапсырмалар жүктелген болатын. Өкінішкеқарай, әлі күнге бірде-бір тапсырма орындалмады. Қала шаруашылығының әрбірбағыты бойынша талдау жүргізіп, қарбалас бағыттарды анықтаңыз. Қала тұрғындарынтолғандыратын мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс топтарын құрыңыз. Облысорталығының тұрғындарымен нақты кері байланыс орнатыңыз, олардың шағымдарынажедел жауап беріңіз. Сіз тұрғындарға қызмет ету, оларға көмектесу үшін осы лауазымғатағайындалғансыз. Сіздің жұмысыңызды жарты жылдың қорытындысы бойыншабағалайтын боламыз, – деді.

     Өз кезегінде Қарабалаев та «Ұялған тектұрмас» демекші, «қарамағымда білікті кадрлар тапшы» деп қойып қалды.

  «Қала әкімдігінің басшылары өнеркәсіпкәсіпорындарына бармайды, шағын және орта бизнес субъектілерімен байланысорнатпайды. Шенеуніктердің басты міндеті кабинетте отыру емес», – деп, Қарабалаевқақарата айтқан сыны бойынша таяқтың екінші ұшы облыс басшысының өзіне тарс етіптиетін сияқты. Неге десеңіз, өңірдің өндіріс ошақтарының, жалпақ тілменайтқанда, отаны деуге боларлық шалғайдағы Мойынқұмға Сапарбаевтың өзі әлі аяқбасқан жоқ.

  Орайы келгенде, Бердібек Мәшбекұлына ұсынысайтсақ дейміз. «Егер Мойынқұм сапарын жоспарлаған болсаңыз, Жаз-атаның ауылынатөбесінен тікұшақпен «топ» ете түспей, жұрт сияқты көлікпен барып көріңіз.Мүмкін, сол кезде А.Мырзахметов қолдау білдірген «Тараз–Мойынқұм» әуе бағытыныңіске асуын жеделдете түсерсіз, кім білсін?!

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз