Саясат

Сапарбаев Райымқұлованың министрлігін сынға алды

Әлем чемпионаттарындағы қазақ спортшыларыныңнәтижесіне премьер-министр Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ көңілі толмайды.

Сапарбаев Райымқұлованың министрлігін сынға алды

Үкіметбарынша көңіл аударатын бокс, күрес және ауыр атлетикадан алтындар тым аз.Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақ боксшылары бір-ақ алтыниеленсе, Нұр-Сұлтанда болған дүниежүзілік бәсекеде балуандарымыз 3 күміс жәнетөрт қола медаль жеңіп алды. Ал ауыр атлетикадан бір ғана күмісті қанағат тұтқанедік. 

«Нәтижелер көңіл көніштерлік емес. Бокс бойынша жалпыкомандалық үшіншіорынды алдық, ауыр атлетика бойынша — 12-ші, күрес бойынша — 14-ші орындамыз.Тек боксшылардың жалғыз алтын медалі бар. Министрлік, Ұлттық Олимпиадакомитеті, федерациялар мен демеушілер жеткілікті қолдау көрсетіп отыр. Онданеге нәтиже жоқ? Министрлік бұл жұмысты дұрыс үйлестіре алмай отыр. Спорт — бүтін бір елдің имиджі. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жақсы нәтижелеркөрсету үшін қателермен жұмыс істеңіздер. Уақыт аз қалды», — деді БердібекМӘШБЕКҰЛЫ.

Жоғарыда айтқан үш спорт түрлерінен өткен әлем чемпионатын қортындылаған жиындаМәдениет және спорт министрінің оырнбасраы Елдос РАМАЗАНОВ, Ұлттық олимпиадакомитетінің хатшысы Сәкен МҰСАЙБЕКОВ, Спорт және дене шынықтыру істерікомитетінің төрағасы Серік СӘПИЕВ баяндама жасады. Қазір Токио олимпиадасынақазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 20 лицензия алған екен. 100 лицензияұтып алу жоспарда бар.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары ұлттық құрама әділетті түрде жасақталуытиіс екендігін айтты.  

Коллаж: Жас АЛАШ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз