Сапарбаевтың Оразбаевты «шақырғаны» рас па?
Аягөз ауданының әкімі қызметіне осыдан біржыл бұрын Ділдәбек Оразбаев тағайындалғанда расы керек, аудан халқының дұрысбасшы келгеніне еш күмәні болмаған.
Өйткені, бұған дейін Тарбағатай ауданынбасқарған Оразбаев облыстағы елдің оң көзқарасындағы әкімдердің қатарынанкөрінген еді. Ал, бұл кезде Аягөздің халі адам аярлық күйге жеткен. Мемлекеттікбағдарлама аясында ауыз суға бөлінген 2,5 млрд. теңге қаражат желге ұшып,мердігер компаниялардың ауылдардың бірқатарын жұтым суға зар етіп кеткені – әлікүнге жалғасып келе жатқан «жыр». Одан қалса, жекеменшіктің қолына өтіп, он жылбойы жөндеу көрмеген орталық қазандықтыңжылуды дұрыс бермеуі Аягөз қаласының тұрғындарын қалтыратып шығарғаны тағы бар.Бұл туралы «Жас алашта» кезінде егжейлі-тегжейлі жазылғандықтан қайтаоралмай-ақ қоялық. Әңгіме ел мақтаған әкімнің халық қадірлейтін қарияның сынынкөтере алмай шамданып қалғанынан шығып отыр. Анығын айтқанда, есімі елгебелгілі ақсақал, кезінде Аягөз ауданының алғашқы әкімі болған АмангелдіКерімтаевтың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында аудан басшысыныңатына датын айтқан екен (18.04.2020).
«Құрметті Ділдәбек Тәжібайұлы! Сіздің Аягөзге әкім болып келгеніңіздіқұптап, қуанған адамдардың бірі екенімді жақсы білесіз. Мен әлі де сол пікірдебола бергім келеді. Бірақ, Сіз бірыңғай мақтауға етіңізді үйретіп алып, сынжүрген жерден мін қашатынын қаперден шығарып алғандайсыз! Орынсыз мақтаудыңбәрі достық емесін, орынды сынның бәрі қастық емесін Сіз білуге тиіссіз. Менауданның басқару делбесінен айрылып, жауапты жұмысты жауапсыз адамдарғажүктейтініңізге ағалық сын айтқаныма шамданғансыңай байқаттыңыз. Мен кезінде еліміздің Президентіне де сын айттым. Бірақ оданөті жарылып кеткен Елбасы жоқ қой. Ал Сіз қит етсе, Бердібек көкеңіздің шақырыпжатқанын айтып, «қорқытасыз». Ол көкеңіздің де «Одиссеясы» бізге тым таныс.Оның қоламтасын қоздатпауға сөз бергенбіз. Бердібектен пана іздеу–бос далбаса!Сондықтан Сіз басшы, біз қосшы болып, ортақ істің оңалуына береке-бірлікпен денқоялық!»,-дейді А.Керімтаев осы жариялаған постында.
Бір қызығы жай уақытта әлеуметтік желідеатқарылып жатқан істерін жарқырата көрсетіп, әкімнің де, әкімдіктің депарақшасын «толтырып отыратын» жергілікті шенеуніктер тарапынан әзір тырс еткенжауап берілмегені байқалады. Есесіне, ел ағасының әкімнің атына айтқан сыныноқыған желі қолданушылары екіге жарылып, біраз жерге барған пікірлерінбілдіріпті. Бірі ауданның қазіргі әкімі кабинетінде қамалып отырмайтын шаруақорекендігін айтса, енді бірі Аягөз ауданының әкімдігінде «Сүлеймен сұлтан»сериалын еске түсіретін эпизодтар кездесетінін айтып сан-саққа жүгіртіп шығакелген. Олардың бәрін шындыққа балауға болмас, бірақ та, әкімдіктің парақшасынамәселе көтерген комментарилерге бірден жауап беретін Аягөз ауданының әкіміДілдәбек Оразбаев пен оның командасының арнайы жазылған пост тұрмақ пікірлергекөз қырын салмағаны таңқалдырады.
Ал бұл посттың авторы Амангелді Керімтаев шын мәнінде жиын өтсежылтыңдап барып, мінберден түспейтін «шалдардың» қатарынан емес. Қайтакерісінше, жергілікті елдің жайын жеткізіп айта алатын, өз биігінде мойындалғантұлға екендігін ел жақсы біледі. Демек, әкімді мақтауға мастанбай, сынды дұрысқабылдау қажеттігін айта отырып, «Ал Сіз қит етсе, Бердібек көкеңіздің шақырыпжатқанын айтып, «қорқытасыз».» деп салуы бекер емес. Дәл осы жерденаразылықтың бір ұшы қайдан шыққаны айдан анық көрінеді. Бердібек СапарбаевШығыс Қазақстан облысын басқарып тұрған шағында (2009-2014 жылдары) аудандағы Тарлаулыауылдық округінің тарихи атауын жойып, «Қожағапанов» немесе «Жұман ауылдықокругі» деп аталуына жол бере жаздаған болатын. Ал, Тарлаулы – қазақтың әйгіліқос ғашығы Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі орналасқан жер. Ауылдың тарихи атауынсақтап қалуға сол шақта Амангелді Керімтаев белсене ұмтылып, мәселенің соңыПрезидент аппартына дейін барып әрең тоқтағанын ел әлі күнге дейін ұмытқан жоқ.Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде отырған ЕрланҚожағапанов жоғарыда айтылған Жұман Қожағапановтың немересі екендігін ескерсек,мәселе тіптен, қыза түседі. Бердібек Сапарбаев 2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасыкедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржыминистрлігінің вице-министрі — кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметінатқарып тұрғанда Е. Қожағапановтың да дәл осы аралықта Кедендік бақылаукомитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысыболғанын кездейсоқтық дей алмасыңыз анық. Сапарбаев кейіннен Шығыс Қазақстаноблысының әкімі қызметіне кіріскенде Аягөздің сонау түкпіріндегі Тарлаулы ауылдық округіне Қожағапановтыңатасының атын беру жайы қайдан шыға келгенін енді түсінген боларсыз. Міне,абырой болғанда сол кезде Керімтаев бассыздыққа көлденең тұрып, елдің назарынаударып үлгермегенде Тарлаулы атауының «дәм-тұзы таусылатыны» күмәнсіз еді.Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жақсы білетін осынау шындықтан кейінКерімтаевтың Оразбаевтың атына дат айтуы жайдан-жай шықпағанын түсіну қиынболмаса керек. Мұны былай қойғанда, білдей аудан әкімінің облыс басшылығынанкеткеніне алты жылдың жүзі болған Сапарбаевтың өзін «шақырып отырғанын» айтыпаудан халқын «қорқытуы» ақылға сыятын сөз бе еді?!.. Ал, облыстың қазіргі әкіміДаниал Ахметов Аягөзге келген бір сапарында «Айналайын, Ділдәбек. Мүмкін, мынауАягөз саған қиын тиіп жүрсе, жеңіл жұмыс іздейік» деп кеткені тағы бар. Бірақ,ол кезде қызметіне кіріскеніне алты ай да толмаған аудан басшысына Ахметовтіңсын айтуы жөнсіз көрінген. Өйткені, аудандағы шашетектен жайылып кеткенпроблемаларды аз уақыт ішінде шешу мүмкін емес еді. Оның үстіне аудандыОразбаевқа дейін басқарған «дөкей» Бақытжан Байахметов облыс әкімініңорынбасары қызметіне жоғарылап кеткен болатын. Бәлкім, Амангелді Керімтаевақсақал осының бәрін екшей отырып, арнайы пост жазғаннан басқа амалы қалмағанда болар.
Сәтжан Қасымжанұлы
Шығыс Қазақстан облысы