Сараптама

Сақтаныңыз, қызыл су келе жатыр

Еліміздің Ішкі істер министрлігі «биыл Қазақстан аумағындағыелді-мекендерде су басу оқиғасы тіркелген жоқ» деп мәлімдеді.

Сақтаныңыз, қызыл су келе жатыр

Бірақ қуануға әлі ерте. Аталмыш министрлікөкілдері елде су басу қаупі бар 309 елді-мекен бар екенін де ашып айтып отыр.

 Бұл ретте Ішкі істер министрініңорынбасары Юрий Илин «біз су тасқыны қаупіне ұшыраған 300-ден астам аймақтыанықтадық. Өзен-су деңгейлері жоғарласа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыоблыстарындағы кейбір аймақтарды су басып қалуы әбден мүмкін» деді.

Юрий Илиннің сөзінесүйенсек, Қарағанды облысының Нұра өзенінің аңғарында тасқын қаупі жоғары. Қардыңшамадан тыс түсуі Ақмола облысындағы Вячеслав су бөгеніне де қауіп төндіріптұр. Ақмола облысының Жабай, Платон өзендері де арнасынан тасып, Атбасар,Платон елдімекендерін су басуы мүмкін. Өзен суының молдығы СолтүстікҚазақстанға  салмақ түсірейін деп тұр. МұндағыСергеев су қоймасына 1,3 млрд текше метр су бар десек, тасқын маусымында «3-3,5млрд текше метр су өтеді» деген есеп айтылуда.

Тасқын су жайлы деректерден байқағанымыз, ендігі уақытта қытымыр қыстанқысылып шыққан халық тасқын сумен алысып әлек болатын тәрізді.  Қызыл судың кесірі еліміздің шығыс, орталық,солтүстік аймақтары да қорқып отыр. Семей мен Өскеменнің халқы тасқын суғатосқауыл қою үшін қазірден бастап қарманып жатқан көрінеді.  

Жалпы, су басу біз үшін жыл сайын бетпе-бет келетін мәселе. Осы уақытқадейін де тасқын судың төңірегінде талай шу болды. Бұл арада  «біз жыл сайын неліктен ағын сумен арпаласамызда жатамыз? Неліктеналдын-алу шараларын тиянақтап алмаймыз? Әбден «болары болып бояуы сіңгеннен»кейін неге шығындарды есептеп, көрсеткіштерді көрсетуге бейімбіз» деген сауалтуындайды.

Деректерге жүгінсек, бір ғана 2010-2012 жылдар аралығында еліміздеболған түрлі тасқынның салдарынан 146 елді мекен зардап шегіп, 5100 үй мен 11400 саяжай және шаруашылық құрылыстарын су алып кеткен. Соның ішінде 33 мыңнанастам адам су басқан аймақтан өзге аймақтарға көшірілген. Бұған қоса Төтеншежағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы аралықтарда қардың күрт еруі ментолассыз жауған жаңбырдың салдарынан 107 елді мекенді су басып, кейбір нысандарқирап қалған. Жалпы, мәліметтер бойынша елімізде тасқын су басу қаупі бараймақтарда 1,5 миллионнан астам тұрғын мен 32 мыңнан астам тұрғын үйқоры, әлеуметтік-мәдени және өндірістік мақсаттағы нысандар орналасқан.

Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильинніңайтуынша, бүгінде барлық облыста әкімдіктер қардан тазарту жұмыстарынжүргізген.

«Облыс, аудан орталықтарынан 11 млн текшеметрден астам қар шығарылды. «Көктем-2020» жаттығуы кезінде барлық атқарушыорганның дайындығын тексерілді. Онда су тасқынына қарсы іс-шараларды іс жүзіндежүзеге асыру мәселелері қарастырылды», — дейді ол.   

 Жалпы, елімізде 2017 жылдан бастап тасқынсалдарын жойып, оның қайталануын болдырмау үшін арнайы жол картасы жасалғанболатын. Сол карта аясында бюджеттен 3 жылда 128 млрд теңге бөлініпті. Оның 78млрд теңгесі респуликалық бюджеттен, 50 млрд теңгесі жергілікті бюджеттерден қарастырылған. Бұл ретте «Жас Алашқа»  пікірбілдірген мамандардың пайымынша, осы салаға бөлінген қаржы көп, бірақ істіңнәтижесі аса көңіл көншітпейді.  Мамандар«нақ қазір бізді қар суынан бөлек ірі су қоймаларының жайы қатты толғандыруытиіс»,-деді. Гидролог маман Айман Мұхамеджанова:  «Тасқын су тек шығыстың, орталық жәнесолтүстіктің халқына ғана қауіп төндіріп отырған жоқ. Бетін әрі қылсын, тасқынсу қауіпінде бізде ескерілмеген жайттар өте көп. Мысалы, біздің елде 200-денастам кен орны бар. Ал сол шикізат өңдіріп отырған жеке компаниялардың көбімұндай қауіпсіздікке мән беріп отырған жоқ. Талай шикізат өндіретін кенорындарының тасқын суға қарсы қауіпсіздік нұсқаулары өте әлсіз. Қазіргі кездеелімізде тек Қапшағайдағы су электр стансасының ахуалы қандай деңгейде тұрғанығана кешенді түрде зерттелді. Ал негізінде, мұндай жұмыстар еліміздегі барлықірі кәсіпорындарда, стратегиялық маңызы бар нысандарда жүргізілуі керек»,- деді.

Маманныңпайымынша,  Шығыс Қазақстан облысындағыБұқтырма, Шүлбі, Өскемен су электр стансаларын тасқын суға қарсы қауіпсіздігітексерілуі тиіс. Тараздағы Кировсу қоймасының жайы да толық зерттелуі керек. Киров су қоймасына қауіп келсеқала маңындағы елді мекендерге орны толмас зардап әкеледі. Тараздан небәрі 20шақырым жердегі қойма суы әп-сәтте бүкіл қаланы ағызып әкетері сөзсіз. Бұл суқоймаларының әрісі КСРО кезінен бері жұмыс істеп келеді.

«Жабдықталғанына 40-50 жылдан асқан мұндай суқоймаларының қуаттылығын әрбір алты ай сайын тексеріп отырғанымыз жөн. Негізінде, Қазақстанда 100миллиард текше метр су болса, соның барлығы да заң бойынша мемлекет меншігіболып табылуы тиіс. Біз осы мәселенісауатты жүргізе алмай отырмыз. Бізде жасыратыныжоқ, елдегі су сақтайтын платиналардың көбісінің жағдайы сын көтермейді»,-деді маман.

 Ал осы мәселерге күннің күрт жылынуы, қардыңкүрт еруі, қар суының молаюуы деген қосымша табиғи апаттар қосылса жағдайдың  қиындайтүсетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан бірінші, бізге ірі суқоймаларының беріктігін зерттеу жұмыстарын қолға алу керек. Екінші, су басу қаупі бар аймақтарға қазірденбастап төтенше жағдай жариялау қажет.

Бұл ретте сушаруашылығы ресурстарын бағалау орталығының маманы Әлия Әзбергенова «Қазірде Қазақстанныңоңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың қауіпсіздігі де ойлантуы тиіс.  Бұл аймақтарда халық тығыз қоныстанған, 6миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан бізге төтенше жағдайдың алдын-алу үшінхалыққа түсіндіру жұмыстарын қазірден бастап жүргізген жөн. Сонда мәсележеңілдейді. Төтенше жағдайдың алдын алған дұрыс»,-дейді.

Жалпы, білесіздер,тасқын судың кеселі қазаққа оңай болған жоқ. 2010 жылы Қызылағаш су қоймасындабөгеттің бұзылуынан елдімекенді су басып 37 адам қаза тапты, бұдан соң 2014жылы Қарағанды облысында Көкпектідегі дамбаның бұзылуынан 5 адам көз жұмды.Тағы да сол  жылы Ақмола облысындағыСілеті су қоймасынан жіберілген су Солтүстік Қазақстан облысының үш ауылын алыпқалды. 2016 жылы Алматы іргесіндегі Қарғалы өзені тасып, алматы халқы қаншамаәбігерге түскенін ел әлі ұмытқан жоқ. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанды, Семейді,Бесқарағайды, Қарағанды облыстарында су басу жайы жылда қайталанады. Сондықтанбұл арада мамандар айтып отырғандай, қар суынан бөлек ірі-ірі су қоймаларыныңқуаттылығы да бізді алаңдатуы тиіс. Стратегиялық маңызы бар нысандармемлекеттік қатаң бақылауда болуы керек. Тасқын су созылмалы кеселге айналмасындесек, атқарушы билік төтенше жағдайды болдырмауға барлық әрекеттерді жасағаныжөн..

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз