Сарыөзек кенті карантинге жабылады
Коронавирусинфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жолбермеу мақсатында Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентікарантинге жабылады.
Осыған сай ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріЕ.Ешкеновтың қаулысы қабылданды,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініңбаспасөз қызметі.
Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер,санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулыталаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Біротбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, біріншікезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзғаназаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқатартылады.
Атап өтсек, Сарыөзектегікарантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден 1 мамырға дейінсозылады деп белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінАлматы облысында коронавируспен ауырғандар саны тағы 8 адамға артты.
Оның ішінде Кербұлақ ауданындаCOVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдардың саны — бесеу. Олардың ең үлкені 35жаста, ең кішісі 3 жастағы бала. Сырқаттармен байланыста болған 38 адамкарантинге алынды.
Жалпы Алматы облысындакоронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.