Саяси лагерьге қатысты Ши Жинпиңнің құпия бұйрықтары жарияланды
Америкалықбасылым The New York Times Қытай коммунистік партиясыныңқұжаттарын жариялады.
Ол жерде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағымұсылмандарды қайта тәрбиелеу шараларына қатысты ақпараттар бар. Бұл туралыресейлік интернет басылым Лентарухабарлады.
Билікпартиясының құжаты төрт жүз беттен тұрады. Оны газет редакциясына қытайбасшыларының бірі берген. Бірақ қандай жолмен жеткізгені түсініксіз дейдіресейлік сайт.
ҚұжаттаБейжіңнен жіберілген нұсқаулар бар. Және туыстары жоғалып кеткен мұсылмандарменқалай сөйлесу керектігі туралы кеңестер бар.
«Егер мұсылмандар (әсіресеұйғырлар) туыстарын іздеп келсе, олар үкімет құрған мектепте. Ол жерде тастап шығыпкете алмайды. Дайындықтан өтпесе діндегі экстремизмнің қаупін түсінбейді депжауап беріңдер», — делінген құпия құжатта.
Сондай-ақ,құжатта Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Ши ЖИНПИҢ мен Шыңжаң басшысы ЧэнЧЮАНГОНЫҢ құпия жеке бұйрықтары да бар. Бас хатшының бұйрығы 96 бет болса, Чэнмырза мұсылмандарды қайта тәрбиелеу компаниясының басты идеологы ретінде атыаталған.
2019жылдың қыркүйек айында Қытай билігі ішкі Моңғолия, Хэнань, Хансу аймақатрындамешіттерді бұзып жатыр деген ақпарат шыққан. Маусым айында ресми Бейжің саясилагерлерде азаптаулар болмайды деп мәлімдеді.
2018жылы БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комиссиясы қамауда миллион адамның отырғаныжөнінде ақпар таратты.
Фото: vladtime.ru