Саясат

«Саяси партиялар туралы» заң саяси модернизацияның имитациясы ма?

Сонымен, қоғамда үлкен әңгіме болған, сондай-ақ парламенттің қос палатасыарасында арлы-берлі «жүріс» жасаған «Саяси партиялар туралы» заңғаақыры президент қол қойды.

«Саяси партиялар  туралы» заң саяси модернизацияның имитациясы  ма?

Жөн-ақ. Бұл  заң елімізде саяси реформалар  жасаудағы алғашқы  қадамдардың бірі. Бір сөзбен айтқанда, партиялық плюрализмді дамыту, оппозициялық институт құружәне саяси партияларды тіркеудегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатындажасалған игі  тірлік.  Мұны неге  қолдамасқа?! Алайда бұл заңқаншалықты  өміршең? Уақыт  талабына жауап  бере ала ма? Дәл  осыған келгендекөптеген  сарапшылар күмәнмен қарайды.Белгілі саясаттанушы  ТолғанайҮмбетәлиеваның  айтуынша, бұл саяси  реформаға бастайтын жол емес  көрінеді.

 «Билік 2019 жылғы президент сайлауында саяситұрғыда жеңілгенін түсінді. Сол себепті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, саясимәні бар заңдарға өзгеріс жасауға уәде берді. Алайда қазіргі жасағандарыөзгеріс жасағансу арқылы билікті сақтап қалудың көрінісі, яғни саясимодернизацияның имитациясы». Нақты  диагноз  осы болар, бәлкім. Қалай айтсақ та, заңға қол  қойылып кетті. Енді  оның орындалуы ғана қалды. Алайда  бұлзаң  партияны  тіркеудегі барлық  кедергілерді жоя  ала ма? Қайдам. Демократиялық  партиясынтіркегісі келген Жанболат Мамай, «Көк бөрі» жасылдар партиясын  құрамындеген  Азаматхан  Әміртай, «Хақ» партиясын тіркеуден  өткізсем деп жүгіріп,  тауы шағылған Тоғжан Қожалиевалардың айтуынша, біздің елде  партия тіркеуде  мың-сан кедергі  бар көрінеді. Яғни билікке жақпайтын,биліктің сөзін  сөйлегісі келмейтіндергеесік тарс жабық. Егер алдағы  сайлауғадейін  жаңа  партиялар тіркеуден өтпесе, онда бұл заңныңпайдасы   болмағаны. Өйткенісайлауға  тағы да   «Нұр Отан»,«Ақ  жол», коммунистер  түсетін болса,  онда  ашық, әділетті,  демократиялық қоғам құрамыз деу бос  әңгіме  болып қалмақ. Жағдай  белгілі,  «Нұр Отанға» да,  билікшіл «Ақ  жолға» да ешкім сенбейді.  Коммунистер  жөнінде сөз қозғаудың өзі  артық.  Әлбетте, бұл  партиялар елді  кемелдендіру жолына жетелей алды деп, сенімді айта алмаймыз.  Бұдан шығатын  қорытынды, халық  ұзақ уақыт көзсүйел  болғандарды  емес, саясат сахнасынан жаңа тұлғаларды,  жаңа  партияларды көргісі келеді.  Демек,  бұл заң  солардың  тіркелуіне мұрындық  болуы  тиіс».

Ермұрат БАПИ, саясаттанушы:

–Біріншіден, «толықтырулар менөзгерістер енгізілді» деген бұл заңның қабылдану процесіне азаматтық қоғамтолық қатынаса алмады деп есептеймін. Төтенше жағдай мен коронавирустықкарантин режимін пайдаланып, билік өзінің көңіліне жағатын нұсқаны «тізеге салып»,қабылдап жіберді. Сондықтан азаматтық қоғам бұл заңның талаптары мен биліктің«ойын ережесін» мойындайды деп айта алмаймын. Осы карантин кезінде қабылданғанекінші құжат – «Бейбіт жиындар туралы» заңның шала-жансар мүмкіндіктерінпайдаланатын қоғам алдағы күзде талай-талай наразылық акцияларына шығады депойлаймын. Қысқасы, билік бұтарлап қабылдаған жаңа заңдар қазақстандық қоғамдықатерлі теңселістерге тап қылады деген күдігім басым.

     Екіншіден, саяси партияларды құруғабұрынғыдай 40 мың емес, одан екі есе кем – 20 мың қолдаушы жеткілікті деген заңтіліндегі уәжде ешқандай дәйектілік жоқ. Қандай да бір партияны мемлекеттіктіркеуге алу кезінде билік 20 мыңдық қолдаушылар тізімінен «бас тартқан» 20адамды қолдан жасайды. Соның нәтижесінде тіркеуге ұсынылған құжатты заңсыз дептабады. Бұл біздің бастан өткен практика.

    Үшіншіден, парламенттік сайлауға әйелдермен 29 жастан асқан жастардың 30 пайыздық квотасын енгізу талабы – бұл сырткөзге арналған алдамшы әрекет. Гендерлік саясатқа тәнті Еуропа мен батыс елдерітарапынан сөз туа қалса, бұл заң демократиялық принциптер талабына сай екенінкөрсету үшін жасалған далбаса әрекет. Әйелдер мен жастардың парламентке тартылунормасы заңмен емес, қоғамның саяси белсенділігімен өлшенуі тиіс. Ал Ақорданытұмсығынан сүйреген «Кітапхана» билігі қоғамның саяси белсенділігіне мүдделіемес. Биліктің парламентке жастарды тартуға мүдделі бола қалғаны соңғыуақыттағы жас толқынның протестік ауаны мен наразылық ашуын басуға арналғансаясаттың салдары. Бұл  былтырғыпрезиденттік сайлаудан кейін буырқанып шыққан жастардың екпінін басуға арналғаналдамшы әрекет. Себебі сол жастар үшін парламенттік сайлауға түсудің таңдауеркіндігі жоқ: не «Нұр Отан» мен «Ақ жол» партияларына барасың, не сайлануқұқығынан қағыласың. Себебі жастар үшін өз қалауындағы басқа саяси партия жоқ.Ондай партияны, мысал үшін, Жанболат Мамайдың демократиялық партиясын тіркеугеалу механизмі заңнан тыс актілермен шектелген. Ал егер осы күзде парламенттіксайлау өтетін болса, оған қатысуға мүмкіндік алатын, қысқа мерзімде тіркеуденөтетін партияны көріп тұрған жоқпын.

    Анығында, биліктің ырқынан тыс дербес,тәуелсіз партияны билік парламенттік сайлауға жібермеудің сан түрліайла-шарғысын жасап бағады. Қысқасы, карантиндік режимді пайдаланып, билікөзінің ғұмырын жалғастыру үшін жасап алған заңдар қазақстандық азаматтық қоғамныңдамуына мүмкіндік береді деп ойламаймын. Бұл қоғамды тұтастай тұсап, шідерлепұстауға арналған, репрессиялық үлгідегі заңдардың жалғасы деп есептеймін.

Сейітқазы  МАТАЕВ, Журналистер одағының төрағасы:   – Жалпы, бұл  заңның  қабылданғаны дұрыс.  Оны қолдаймын. БұлТоқаевтың оң шешімдерінің  бірі.Демократиялық  жолды таңдағанын  көрсетті. Дегенмен  заңдарды жедел қараудың артына үңілетін  болсақ,  парламенттік сайлаудың құлағы  қылтиып  тұрғанын байқаймыз. Әлбетте, солай. Бәлкім,  соған дейін  бірнеше партияны  тіркеп тастаулары  мүмкін. Бірақ тіркелетін партияның  өзі халықтық  емес, биліктің сөзінсөйлейтін партия  болуы  тиіс. Бізде оппозициялық  партия тіркеле  қояды деп ойламаймын.  Оларға жол  жабық. Тіркелуге   өтініш берген кез келген партия мың  ретсүзгіден  өтеді. Артында  кім тұр, кімнің мүддесін соқпақ  дегендей. Өкінішті. Тағы да  алдағы сайлауда  додаға   қазіргі парламентте  отырған  үш партия («Нұр  Отан», «Ақ  жол», Коммунистік  партия)   қайтадан түсіп, орын бөлісетін  болса,  онда қазіргі  тірліктің бәрі  бос әурешілік болып қалмақ.  «Баяғы  жартас – сол жартас» дегендей. Онда қоғамда  еш өзгеріс  болмайды. Осы сарынмен  жүре  бермекпіз. Бізге саяси  жүйеге қан жүгіртетін жаңа партиялар керек.   Тағы  бір мәселе – 20  мыңның  өзі көп. Меніңше, 2000  қол жиналса да жетер еді. Бұл шынайылыққа жақын болады.

Күлтегін БЕК, 

«Жас Алаш» 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз