Өңір

Семей ғалымдары коронавирусты емдеудің әдісін ойлап тапты

Семей қаласындағы медицина университетінің ғалымдары облыстағымедициналық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұқпалы дертті емдеудің жолыніздеген.

Семей ғалымдары коронавирусты емдеудің әдісін ойлап тапты

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде олар әдістемелік нұсқаулық жасап, жағдайыауыр науқасты емдеп шығарды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz

Семей медицина университетініңректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, коронавирус жұқтырған адамдарды емдеубойынша нұсқаулық дүниежүзілік және жеке тәжірибеге негізделіп жасалған.

«Бұл нұсқаулықта қауіптідертпен ауыратын науқастарды емдеуге көмектесетін препараттар ментехнологияларды рет-ретімен тізбектеп шықтық. Біз елімізде бірінші болыпосындай әдістемелік нұсқаулық жасаған екенбіз. Оны қазақ, орыс және ағылшынтілдерінде шығардық. Бұл нұсқаулық қазір Қазақстандағы бүкіл облыс, қалаларғатаралды», — дейді ол.

Оның айтуынша, университетзерттеу жұмыстарын жиі жүргізеді. Соңғы үш айдың ішінде ондағы ғалымдарвируспен күресудегі әлем тәжірибесін сараптап шыққан.

«Ғалымдарымыз «Коронавирусинфекциясы анықталған науқастарды емдеу нәтижесінің болжамы мен қауіп-қатеркартасын» жасады. Дәрігерлер өздеріне ыңғайлы болу үшін нұсқаулықтағыкез-келген бөлімді ашып емдеу кезінде қандай жағдайларға тап болулары ықтимал,қандай проблемалар туындауы мүмкін және оларды қалай болдырмауға болатындығынбіле алулары керек. Біз Уханның тәжірибесін зерделеп, ондағы барлықбасылымдарды және Оңтүстік Корея мен Жапонияның тәжірибелері жазылғанжазбаларды аударып шықтық», — дейді Ерсін Жүнісов.

Айта кетейік, осы нұсқаулықтыңарқасында Семей қаласында ауыр жағдайда жатқан науқас емделіп шыққан. 27 сәуіркүні ол ауруханадан шығарылмақ.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз