Өңір

Семейде карантиннен шығар кезде қауіп көбейді

Карантин «қақпанынан»шығуға санаулы күн қалғанда Семейде қауіп күшейе түскені тұрғындарды алаңдатыпотыр.

Семейде карантиннен шығар кезде қауіп көбейді

Бұған дейін бір үйде туған күн мерекесін атап өтуі салдарынан үшотбасының адамдарының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны мәлім болған еді. Атапайтқанда, алғашында 68 жастағы зейнеткер әйелдің коронавирус инфекциясынжұқтырғаны анықтала келе, бірнеше адамды қатаң тексеруге тура келген. Іле-шалаұлы мен келіні және 2017 жылы туылған немересінің де вирус жұқтырғаны мәлімболды. Кеселдің тарауы мұнымен де шектелмепті. Дәрігерлер зейнеткердің жасы80-ге таяған құдағиы мен 48 жастағы азаматтан да қауіпті індеттің белгілерінтапты.  Сондай-ақ 54 жастағы ер адам мен оның әйелі жәнеолардың 1998 жылғы қызы да осы отбасылық қуанышты атап өтудің соңы ауруханаданбір-ақ шығарған.

Нақты айтқанда, 22 сәуірде аталғанадамдардың барлығы отбасылық іс-шара ұйымдастырып, туған күн мерекесін атапөткен. Бір апта өткенде барып осы шараға қатысқан 8 адамның жетеуіненкоронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр.   Ал  мамырдың үші күні Семейде COVID-19-дың тағы 3 фактісі расталды. Олардың екеуі 2003 және2012 жылғы балалар және олардың анасы болып шықты.  Қауіпті вирус анықталған келіншек 38жаста.«2-мамыр күні отбасы мүшелері дене қызуыкөтеріліп, денсаулық жағдайы нашарлаған соң учаскелік дәрігерді үйіне шақырады.Алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексеру жүргізілді. 3 мамырда шыққанталдау нәтижесі оң қорытынды көрсетті. Қазіргіуақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташадәрежедегі ауырлықта. Облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған» депкөрсетілген ШҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Такси жүргізушісінен де вирусанықталды

  Ал күні кешеСемей қалалық әкімдігі тағы бір тосын жағдайдың анықталғанын растады. Яғни, қала компанияларыныңбірінде такси және азық-түлік жеткізу қызметімен айналысқан қала тұрғынынанкоронавирус инфекциясы табылған. Қазір бұл азаматпен байланыста болған барлық тұлғаларанықталған жайы бар. Бекітілген алгоритмға сәйкес тиісті тексеру жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Орын алғанжағдайға байланысты сақтық шараларын күшейтуді көздеген қала басшылығы телефонарқылы тапсырыс беру кезінде, тасымалдаушы адамның індетке қарсы тесттенөткендігі туралы анықтаманың бар екендігіне көз жеткізуін сұрайды. Оның өзіндетапсырысты қолма-қол ақшамен емес, карта арқылы есеп айырысуға шақырып отыр.

  Жалпы облысбойынша бүгінгі күнде  КВИ жағдайыныңкөрсеткіші 30-ға жетті. Оның 3-уі сырттан әкелінген. Аумақтық таралуы бойынша 7жағдай Өскемен қаласына, 20 жағдай Семей қаласына, 1 жағдайдан Абай, Глубокоежәне Тарбағатай аудандарының «үлесіне» тиіп отыр.

  Осыған орай облысәкімі Даниал Ахметов алаңдаушылық білдіретінін әлеуметтік желідегі парақшасындажария етті.

  «Олардың (вирусжұқтырғандардың-авт) 19-ы Семейде анықталып отыр. Бұл жалпы есептің шамамен65%. Мені ерекше алаңдатып отырғаны – Семей қаласында соңғы 10 күндекоронавирус инфекциясының артуы. Бүгін меніңтапсырмам бойынша өңірге орынбасарым Әлішер Мархабат бастаған арнайы комиссиякелді. Олар полиция Департаментімен бірге және облыстың өзге де тиістіоргандарымен қалалық жедел әрекет ету штабының қызметін тексереді» депмәлімдеді Д. Ахметов.⠀

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз