Семейде көп балалы ана жауапқа тартылды
Коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адамның Шығыс Қазақстан облысынаншыққаны және оның екеуі де Семей тұрғындары болғаны қазір қала халқын да,билігін де алаңдатып отыр.
Анығырақ айтқанда, Нұр-Сұлтанмен Алматы қаласы 22 наурыздан карантинге жабылғанына апта өткенде Семей қаласындағы Цементшілер кентіннің Физкультурнаякөшесіндегі екі үйден коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың шығакелгені түрлі түсініксіз сұрақтардың туындауына түрткі болғаны құпия емес. Әсіресе, Египетке барып демалып қайтқанерлі-зайыптылардың Қазақстанға жеткен бетте Нұр-сұлтаннан қалай кедергісізөтіп, Семейге жеткендігі бей-жай қарайтын нәрсе емес еді.
Сенбі күні (28наурыз) таңертеңнен жұрт үрейін алған бұлжағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Даниал Ахметов түскедейін өз парақшасында анықталған ақпаратымен бөлісіп үлгергенін өткендехабарлаған болатынбыз («Семей халқын үрей билеп тұр»).
Дегенмен, дер кезінде бақылауғаалынған ерлі-зайыптылардың дәл қазіргі жағдайы қандай екендігі, қайда емделіпжатқандығын анықтау қиынға түсіп отыр. Облыстан келген пәрмен сондай болсакерек, қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов барлықақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан ғана береалатындығын айтып, өз тарапынан мәлімет бөлісуге дәрменсіз екендігін аңғартты. Ал,І. Мұхамеджанға хабарласқанымызда, сөйлесуге мұршасы жоқтығын аңғарғандайболдық. Шұғыл жиын өткелі жатқанын көлденең тарта қалған басқарма басшысы «Ендіқай уақытта хабарласуға болады?» деген сұрағымызға жауап берместен, ұялытелефон тұтқасын жаба салды. Журналистерге ақпарат бөлісуден жалықты ма, әлде,сұрақтар көбейіп кететінінен сезіктенді ме, Мұхамеджан мырза мұрнына су жетпейжүрген кейіп танытып шыға келді.
Шығыс өңірдегі коронавирустың екі жағдайыныңда Семей қаласында тіркелгені тұрғындардың тынышын алар жалған ақпараттың тарапкетуіне түрткі болғанын да жасыруға болмайды. Жексенбі күні әлдебір әйелдіңқаладағы медициналық мекемелердің бірқатарына коронавирус инфекциясынжұқтырғандардың емдеуге жатқызылатындығы туралы ватсапта таратқан сөзі семейліктердіңтөбе шашын тік тұрғызды. Алқына сөйлеп, орыс тілінде тіл қатқан ол «науқастардыңНұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларын карантинге жабылуы себептіқабылдамайтындықтан, Семейге әкелінгелі жатқандығын» шошына айтқаны кімдіболсын, қатты қобалжытқаны анық. Жұрт үрейін алып, жылдам тараған жалғанақпараттың кімнен шыққаны ертесінде белгілі болды. Құзырлы орган өкілдері Н. Хесімді төрт баланың анасын қазір жауапқа тартып, түсінік алып жатыр.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,бұл әйел «Семейге жеткізілгелі жатқан науқастарды» Қарағайлы ықшамауданындағыемханада істейтін Анна есімді дәрігер танысынан естігенін мәлімдеген. Ендіқызықты қараңыз, тексеру нәтижесінде тез арада анықталған ол дәрігер бұладаммен мүлдем хабарласпағанын, ондай жалған мәлімет таратпағанын айтыпты. Қалахалқын қатты әбігерге салған бұл қаңқу әлі де қатаң тексерілуде. Нақтысы сол,қалаға ешқай жақтан ешбір науқас тасымалданғалы жатқан жоқ.
Ал соңғы екі күнде қаланың Цемпоселок кентінің Народная, Докучаев,Физкультурная көшеслерінде дезинфекция шаралары тынымсыз жүргізілуде. Соныменқатар, қаланың сол жақ бөлігінің Әуезов даңғылы бойында да осы мақсаттағыжұмыстар жалғасатын болады. Қала билігі және төтенше жағдайлар басқармасы осыаудан тұрғындарын үйден шықпауға үндеп отыр.