Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:21, 11 Наурыз 2024

Семей көшелерін су басты

қар суы
Фото: orda.kz

Семей қаласында 4 аула аумағы мен 5 көшені су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

Оған ауа температурасының көтерілуі мен қардың мол еруі себеп болған. 

ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды, делінген хабарламада. 

Жұмыстарға ЖАО, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылған. 

Фото: orda.kz

Тегтер: