Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:39, 09 Желтоқсан 2023

Семей машина жасау зауытының жұмысшылары тоғыз ай бойы жалақыларын ала алмаған

семей
Фото: из открытых источников

Семей машина жасау зауытының жұмысшылары тоғыз ай бойы жалақыларын ала алмаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

 

«Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне тоғыз ай бойы жалақы төленбеген. Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдарымен бірлесіп бірқатар шараларды қолға алды. Соның нәтижесінде жалақы қарызы толық өтелді, осылайша 125 жұмысшының құқығы қорғалды», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, қарыздың жалпы құны 90 миллион теңгеден астам сумманы құрайды.

Тегтер: