Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:29, 07 Ақпан 2024

Семейдегі базар өрті: шығынды кім өтейді

базар өрті
Фото: из открытых источников

6 ақпанда Семей қаласындағы ірі Ақшың сауда базарынан өрт шықты, оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылғанымен өрттің ауданы ұлғайып, 18 сағатта толық сөндірген. Базардағы зардап шеккен кәсіпкерлер полицияға өтініш жазды. Олардың шығындарын кім өтейді?

Жедел штабқа жиналған кәсіпкерлердің өтініштерін полиция департаментінің қызметкерлері қабылдады. Әр кәсіпкер өтінішінде өрт салдарынан келген шығын көлемін ұсынды. Жалпы жанып кеткен аумақ 7000 шаршы метрді қамтыған.

"Абай облыстық полиция департаменті азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 15 тергеуші Ақшың сауда үйінде өрттен зардап шеккендердің жазбаша өтініштерін қабылдауда",- деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Өрттен шығынға батқан кәсіпкерлердің бірі Энвира Байдалина 10 жылдан артық сауда саласында еңбек етіп келеді. Қанша жыл еңбектеніп тапқанынан, жиған-тергенінен, кәсіп көзінен әп-сәтте айырылған ол өрт сөндіру құрылғылардың дайын болмағанына қапалы.

Әкелінген құрылғылар дайын емес. Барлық өрт сөндірушілер суды өздеріне құйып, ішке кірді. Бұлай болады ма? Мен мұнын бәрі басталған кезде көрдім, сол кезде ақ сөндіруге болушы еді. Көз алдымызда жанып кеткеніне сену қиын болды. Тыныштандыратын дәрі де іштік, бірақ бұл өте қиын. Біз бәріміз қарыздармыз, несиелеріміз де бар. Сауда қазір нашар, барлығының көп тауары болып еді. Аптасына тек бір-екі тауар сатылатын. Қаңтар айында орынды жалдау ақысын төледім. Тіпті өзіме кіріс кірмеді",- деді кәсіпкер Энвира Байдалина.

Бірнеше кәсіпкер өрт сөндіру туралы хабар алмағандарын айтып, техникалық бөлімнің өрт қалай шыққанына жауап бергенін қалайды. Сондай-ақ оқиға орнында арнайы дабыл тетігінің қосылмағанына куә болған.

Неліктен ТЖД көптеген жылдар бойы өрт қауіпсіздігінің бұзылғанын көрмедіңіз? Үшінші қабаттың өзі дұрыс салынбаған. Өрт сөндіру бөлімі қайда қарады? Арнайы дабыл тетігі жұмыс істемеді. Біз өрт туралы таңғы 7-де ғана білдік,- дейді кәсіпкер. 


Ал қалалық ТЖБ бастығы болса, бірқатар ережелердің бұзылғанын мойындап, алайда ол кәсіпкердің жауапкершілігінде деді. 

Бұл нысан 2023 жылы тексерілді. Бірқатар ереже бұзушылықтар анықталды. Осыдан кейін, заңға сәйкес, егер кәсіпкер бізге келеңсіздіктердің жойылғаны туралы хат жіберсе, онда мұндай ұғым бар кәсіпкердің жауапкершілігі деген. Яғни, біз сіздің адалдығыңызға күмәндана алмаймыз. Сіз де кәсіпкерсіз. Егер сіз бізге мемлекеттік органдарға хабарласып «иә мен келеңсіздіктерді жойдым» десеңіз біз сізге келіп, екі рет тексеруге құқығымыз жоқ,- деді Әділ Братаев. 

Оқиға орнында болған «Ақшың» базары бас инженерінің айтуынша, өрт басталған уақытта жалын алапат өртке айналады деген ой болмаған. Базардағы жұмысшылар өртті сөндіргішпен өшіруге тырысқан. Алайда тілсіз жаудың аумағы дереу өршіп, үлкен аумаққа таралып кеткен.

Ал жергілік билік болса, кәсіпкерлердің мәселесін оңтайлы шешу үшін толығымен заң жүзінде қарастырамыз деп сендірді. Ал шығынды кім өтейтіні сараптамадан кейін белгілі болмақ.