Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 02 Ақпан 2025

Семейдегі сауда орталығында болған өртке қатысты тергеу қорытындысы шықты

1
Фото: из открытых источников

Семейдегі сауда орталығында болған ірі өртке қатысты тергеу қандай қорытындыға келді? Бір жыл бұрын ол жерде ірі өрт шығып, 24 сағаттың ішінде кәсіпкерлер тауарларынан және жұмысынан айырылды. 

«Ақшын» сауда орталығындағы өртке қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын олардың сақталуына жауапты адамның бұзуы» бойынша жүргізілді. Ал, белгілі болғандай, 2024 жылдың қарашасында қылмыстық іс жабылды.

"Абай АІІБ-мен Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылғы 11 қарашада қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.  Қабылданған процестік шешімді Абай облыстық прокуратурасы тоқтату туралы қаулыны бекітумен тексерді», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Басқарма Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайтынын түсіндірді.

Тегтер: