Саясат

Сенат сайлауы: 29 қарашадан бастап кандидаттарды ұсыну басталады

Орталық сайлау комиссияясы отырысының күн тәртібінде 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі мәселелер қойылды.

Сенат сайлауы: 29 қарашадан бастап кандидаттарды ұсыну басталады

«Қарашаның 29-нан бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Ол 14 желтоқсанға дейін кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 13 қаңтар тыныштық күні деп танылды. Ал  дауыс беру 14 қаңтар күні деп белгіленіп, сайлау қорытындысы 20-шы қаңтарға дейін шығарылады деп күтіліп отыр», — деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.    

Сенат депутаттағына үміткер 30-ға толған, жоғары білімі бар, ееңбек өтілі 5 жылдан кем емес азамат болуы керек.    

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз