Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:36, 02 Мамыр 2024

Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады

в
Фото: из открытых источников

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды мақұлдады.

Палата депутаты Бауыржан Қаниев аталған құжат Қазақстанның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетінін айтты.

Олар:

- байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;

- ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;

- жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;

- байланыс операторларын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беруге міндеттеу

- алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту.

Фото: ҚР Сенаты

Тегтер: