Қоғам

Шалғайдағы ауылдарға «көгілдір отын» тартылуда

Түркістан облысының шалғайдағы ауылдарына да «көгілдір отын» тартылуда. Ауылдағы халық қысқа отын әзірлеу, көмір түсіру сияқты қиындықтардан құтылып жатыр.

Шалғайдағы ауылдарға «көгілдір отын» тартылуда
Атап айтқанда, Арыс қаласы, Ақдала және Қожатоғай ауылдық округтеріндегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруаларға деп облыстық бюджеттен 88,9 миллион теңге қаржы бөлінген.-Бірінші кезең бойынша нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен биыл 884 миллион теңге, 2019 жылға 500 миллион теңге, 2020 жылға 1581 миллион теңге қаржы қаралып отыр. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарына республикалық қазынадан биылға 719,8 миллион теңге, 2019 жылға 219,7 миллион теңге қаржы бөлінуде. Ал, кезеңде 567 миллионтеңгені игереміз деп отырмыз. Егер осы жұмыстар аяқталса, қаламыздың 50 мыңға жуық халқы көгілдір отынға қол жеткізеді. Жалпы 2018-2025 жылдары қалаға қарасты 26 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл қала халқының 99,5пайызынқұрайтын болады, – деді Арыс қаласының әкімі Мұрат ҚАДЫРБЕК.Сондай-ақ, онда ауыз су мәселесі де оңтайлы шешілуде. Қазіргі таңда қаланың Талдықұдық және Отырар тұрғын ауданындағы магистралды су өткізгіш тораптарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы сметалық құны 803,024 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сараптама қорытындысы шықса, өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін тапсырылады.Газ құбыры әр үйдің алдына дейін тартылады.Әкімдік газ тартушы мекемелермен меморандумға отырған, әр үйге кіргізу құны 160-180 мың теңге көлемінде болады.Фото: time.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз