Саясат

Шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды

Петропавлдың теміржол вокзалында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Египеттің екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

Шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды

17 қарашада Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларын тексерді. Осыдан кейін екі ер адам полиция бөлмесіне жеткізілді.

Тексеріс барысында олар 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екені анықталды. Шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы "ҚР Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Шекарашылар Көптоғайда неге қоршау орнатылып жатқанын түсіндірді

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал шықты

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз