Саясат

Шенеуніктерді кім тағайындайтынын Берік Уәли айтты

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢбаспасөз хатшысы Берік УӘЛИ "Қазақстан Республикасы Президентініңкейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қатысты пікір білдірді.

Шенеуніктерді кім тағайындайтынын Берік Уәли айтты

Жуырдамемлекет басшысы қол қойған заң БАҚ мен әлеуметтік желіде бүгін қызуталқыланды. Тоқаев қол қойған заңға сәйкес Назарбаевтың келісіміментағайындалатын лауазымдар: Бас прокурор, Ұлттық банктің төрағасы, ҰҚК басшысыжәне министрлер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астанаәкімі, Президентке бағынатын және есеп беретін орган басшылары. Бұларды ТоқаевҚауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен келісе отырып тағайындауы тиіс.

Берік Уәли БАҚ-ның  өтінішіне орай «Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»президент жарлығына түсініктеме беруді ұйғарыпты.

«Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдармен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекті» Жарлығы. Бұлқұжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңныңережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органныңөкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның ТұңғышПрезиденті – Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады.Мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралыкелісім тәртібі іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өзбетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді. Елбасының өзі «Хабар»телеарнасына берген сұхбатында: «Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешімқабылдайды» деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Басқолбасшысы және ол Үкіметті жасақтайды. Мемлекет басшысы – облыстардың жәнереспубликалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардыңкелісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға. Сондай-ақ Президенттіңқұзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анықкөрсетілген», — деп жазды Берік Уәли facebook.comпарақшасында.

Фото:news.myseldon.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз