Қоғам

Шенеуніктер кеткен соң Саумалкөл вокзалындағы жаңа асфальт сүрілген

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Саумалкөл теміржол вокзалында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары күтпеген жағдаймен аяқталды.

Саумалкөл

Салтанатты түрде пайдалануға берілгеніне небәрі он күн өткен соң жаңа төселген асфальтты қайта алып тастауға тура келді. Жаңартылған вокзалдың ашылуына облыс басшылығы мен Көлік вице-министрі қатысып, нысанның пайдалануға берілгенін атап өткен болатын.Ресми шарада атқарылған жұмыстар жоғары бағаланып, жауапты тұлғалар мердігерлерге алғыс білдірген.

Алайда вокзал іске қосылғаннан кейін жолаушылар платформасындағы асфальттан ақаулар анықталған. Соған байланысты мердігер ұйым жаңа жабындыны бұзып, қайта төсеуге міндеттелді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов әлеуметтік желідегі парақшасында бақылау барысында кемшіліктер анықталғанын айтып, мердігерге оларды толық жою тапсырылғанын жеткізді.

«Ақау анықталды. Мердігерді қайта төсеуге міндеттедік. Ең бастысы – сапа», - деп жазды ол.

Айыртау аудандық әкімдігінің мәліметінше, қайта төселетін асфальттың барлық шығынын мердігер компания өз қаражаты есебінен өтейді. Бұл жұмыстарға бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз