Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 16 Мамыр 2024

Шет ауданында су тасқынынан келген шығын толық өтелді

1

Қарағанды облысы Шет ауданы су тасқынан зардап шеккен болатын. Тасқынға байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланған еді.

1 сәуірде Шет ауданының Қайрақты ауылының 67 тұрғыны мен Ақсу ауылының 119 тұрғыны өз үйлеріне оралған.

1

Кейіннен Шет ауданында су тасқынынан болған шығын есептелді. Арнайы құрылған комиссия су тасқынынан болған залалды бағалады. Бүгінгі таңда Шет ауданында 60 үй су астында қалғаны белгілі болды. Комиссия оларды техникалық тексеруден өткізіп, алты үйді апатты деп тапты. Бес отбасы бюджет есебінен үй сатып алды. Олар баспананы өздері таңдады. Шет ауданының Деріпсал бөлімшесінде тағы бір үй салынып жатыр .Мұндай шешім елді мекенде сатылатын үйлер болмауы себепті қабылданған. Жаңа тұрғын үйдің ауданы 75 шаршы метрді құрайды.

1

Апатты деп танылмаған басқа 54 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар мүліктерінің зақымданғаны үшін де, жөндеу жұмыстарына да өтемақы алды.Сондай-ақ, қырылған малдың шығынын өтеу мәселесі де шешілді.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттен де, қоғам қайраткерлерінен, еріктілерден, кәсіпкерлерден , ҚХА-дан да жан-жақты қолдау көрсетілген.

Қарағанды облысының әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы ертең жеткізілетін гуманитарлық жүк жібереді.

Тегтер: