Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:12, 20 Наурыз 2025

Шетелден қаржы алатындар тізімі жаңартылды

Рубль мен доллар
Фото: Жас Алаш коллаж

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алушылардың тізімі.

Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитеті шетелден қаржы алатын жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың тізімі жаңартты.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы шетелден қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат құралдары, компаниялар 27,2 млрд теңге алғаны жөнінде есеп берген. 2023-2024 жылдары 295 адам мен заңды тұлға есеп тапсырған.

Олардың 118-і шетелден қаржыны тұрақты түрде алып отырады. 96-сы - ауық-ауық алады, 81-і тек бір рет қана қаржы алған. Тізімде Қазақстанға танымал құқық қорғау ұйымдары, журналистер және блогерлер бар.

Мұндай тізім 2023 жылы 1 қаңтарда қабылданған Салық кодексіне енген түзетулерге сәйкес жарияланып келеді.