Шетелдік автокөлік дауы: мемлекет Смағұлов пен Назарбаеваның мүддесін қорғап отыр ма?
Соңғы бірнеше күннен бері Қазақстанда көлік жүргізушілерінаразылық акцияларына шығуда.
Олар ішкіістер министрлігінің «Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктер тіркеуден өтпесе,айыппұл тұрағына апарылады» деген мәлімдемесіне қарсылық білдіруде.
ІІМ жариялағанстатистика бойынша, Қазақстанда 170 мыңға жуық Қырғызстан, Ресей, Беларусь жәнеАрмениядан әкелінген автокөлік бар. Оларға 2019 жылы 90 мың рет жол-көлікережесін бұзғаны үшін 1,1 миллиард теңге айыппұл салынған. Бірақ құзырлы органжариялаған бұл статистикамен 10 жылдан бері осы саланы зерттеп жүрген сарапшы НұраддинСадық келіспейді. Оның сөзінше, ІІМ статистикасында объективтілік жоқ.
«Егер қырғыз, армян, Ресей нөміріндегі автокөліктердіңстатистикасын шығаратын болса, онда мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы менжалпы қазақстандық көліктердің қатысуымен болған жол-көлік апаттарының дастатистикасын шығарып берсін. Сосын, Қазақстандеген– «Сергек»камералары бар Алматы менАстана қалаларынан ғана емес.Басқа аймақтарда ондай камера жоқ. Демек, «камераларға түсіп, ереже бұзады»дегендері ешқандай қисынға келмейді. Былайша айтқанда, барлық көліктер бірдейереже бұзады, бірдей жазасын алады. Сондықтан мұндай статистика жасаған кезде объективтіболу керек. Сараптама жасаса, қазақстандық көліктердің статистикасы мынадай,шетелдік көліктердің статистикасы осындай деп шығарып берсін. Ешкім көліктеріншетелден ереже бұзамын деп алып келген жоқ», – дейді Н.Садық.
Ішкі істерминистрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, заң бойынша Қазақстан аумағына Қырғызстанжәне Армения көліктері тек кедендік бақылаудан өтіп, баж салығы төленген жағдайдағана кіргізіледі. Ал аталмыш елдерде тұрақты тұратын азаматтардың атындағыавтокөліктер ел аумағында уақытша жүре алады. Автожурналист Олжас Оқастың сөзінше,билік әу баста халыққа бұл заңды дұрыс түсіндірмеген. Сол себепті халық Армениямен Қырғызстанда көлік арзан болғандықтан, сол жақтан оны алып келген.
«Біздің халықтың шетелден көлік әкелуге баратын себебі –ол жақта машина арзан. Қырғызстан мен Арменияға Еуразия экономика одағынакіретін кезде жеңілдік кезеңі берілді (2014-20 жылдар аралығында). Яғни ол жақташетелден келген автокөліктер арзан кеден салығымен рәсімделетін. Енді ол дабітті. Бұдан былай армяндар мен қырғыздар да көліктерді біз сияқты қымбат кеденсалығымен кіргізеді. Жол қозғалысы заңының 63-ші және 66-баптарында «шетелденкіргізілген кез келген көлік 10 күннің ішінде тіркеуден өтуі керек» деп жазылған.Тіркеу үшін және утилизациялық алымдарға ақша төлеу керек. Ол 500 айлық есептіккөрсеткіштен басталады. Қазір сол үшін осындай дау шығып жатыр. Халық көліктердіәкелген. Билік өкілдері заңды әу баста дұрыс түсіндірмеген. Басында рұқсаттыберіп алып, енді болмайды деген сияқты жаңалықтар шығып жатыр. Менің ойымша, заңтағы да өзгереді. Таяуда ІІМ тағы өзгерістер енгізеді. Соны күтейік», – дейді Оқас.
Жалпы, шетелден әкелінетінкөліктер маңындағы даудың ішінде жиі айтылатын мәселелердің бірі утилизациялықалымға байланысты. Көптеген адамдар заңның дәл осы тұсын дұрыс түсінбейді.Сарапшы Нұраддин Садықтың айтуынша, утилизациялық алымнан мемлекет ешқандайпайда көрмейді. Себебі көлік иелері ақшаны мемлекетке емес, жеке компанияға төлейді.Мемлекет күштік құрылымдардың қолымен жеке бизнестің мүддесін қорғап отыр.
«Бізде шетелден келген көліктерді елге кіргізу үшін 4-5кеден рәсімін жасау керек. Оның екеуі бізде бұрыннан болған. Яғни Кедендік одақтантыс елдерден келген көліктерге кедендік баж салығын төлеу қажет. Екіншісі –сертификат. Қазақстан Еуро-5 стандартына өтті. Бірақ Кедендік одаққа мүшеелдердің барлығы әлі Еуро-4 стандартында отыр. Егер сіз шетелден алып келген көліктіңҚазақстанда ресми дилері болса, онда ол сертификатты сізге бермейді. Қарапайымтілмен айтқанда, мысалы, егер сіз шетелден «Хюндай Элантра» көлігін алып келіп,кедендік баж салығын төлеп, сертификат алайын десеңіз, сізге оны бермейді. Өйткені«Астана моторс» компаниясы оған тыйым салған. Яғни бұл Нұрлан Смағұловтыңбизнес мүддесін қорғау үшін жасалған кедергі. Сіздің шетелден көлік алып келугеқұқығыңыз жоқ. Егер алып келсеңіз, сертификат берілмейді. Ал ол сертификатсыз көліктіҚазақстанда тіркеуге қоя алмайсыз. Үшінші, 2015 жылдан бері қосылған жаңакедергі – утилизациялық алым. Бізде көп адам утилизациялық алым мемлекетке төленедідеп ойлайды. Бірақ олар қателеседі. Утилизациялық алым кем дегенде 1,5-2миллион теңгеге шығады. Ең қызық жері сол – сіз оны мемлекетке немесе кеден қызметісияқты мекемелерге төлемейсіз. Сіз оны «РОП» жауапкершілігі шектеулісеріктестігіне төлейсіз. Мемлекет сонда «оператор РОП» деген компанияның мүддесінкүштік құрылымдардың қолымен қорғап отыр. Сізді бұл ойландырмай ма? Мысалы,мені бұл ойландырады. Бұның ар жағында тұрған құрылтайшылары кім екендігін ашықдеректерден қарасаңыз, Светлана Коротенко деген Украина елінің азаматшасын көресіз.Бұл қайдан шыққан құрылтайшы деп, оның түбін қазсаңыз, ол режиссер Ақан Сатаевтүсірген «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері болған. Ал оның бас продюсерікім болғанын ғаламтордан қарасаңыз, өзіңіз түсінесіз», – дейді Н.Садық.
Сарапшы сөзіненкейін біз тақырыпқа тікелей қатысы болмаса да, ашық ақпарат көздерін шолып шығудыжөн санадық. Ғаламтордағы ақпараттарға сенсек, Светлана Коротенко шын мәнінде«оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарған. Бірақ 2019 жылыоның орнына Медет Құмарғалиев есімді азамат келген. Ал «Анаға апарар жол» фильмініңбас продюсері кім екендігі біз айтпасақ та жалпақ жұртқа белгілі. Ол – 2018жылы дәл осы кино үшін сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынанәдебиет және өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық алған Әлия Назарбаеваханым.
Қазақстан бойыншаосы күнге дейін шетелдік көліктер дауына байланысты Алматы, Орал, Атырау, Ақтөбеқалаларында наразылық шаралары өтті. Алматыда өткен акцияға қатысқан белсендіАсхат Берсалимовтің сөзінше, қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысыЖандос Мұратәлиев наразы халықпен кездесуде мардымды еш нәрсе айтпаған. Солсебепті де көлік жүргізушілерінің биліктің нақты шешімін күтуден басқа амалы жоқ. «Олар ештеңе айтқан жоқ. Сол баяғы әңгіме.Ешкімді ұстамаймыз, қыспаймыз деді. Бірақ оларға сенім жоқ. Біз кездесуде осы қойғанталаптарымызды жоғары жаққа жеткізіңіздер дедік. Енді не шешетіндерін күтеміз»,– дейді Берсалимов.
Жалпы, Қазақстандашетелден келетін автокөліктерге қатысты дау бұған дейін де болған. 2006 жылысырттан келетін оң рульді автокөліктерді ел аумағына кіргізбеу жөніндегі заң төңірегіндешу шыққан. Ол кезде Қазақстанға сол уақытқа дейін кірген көліктер қалып, бұданбылай жаңа көліктер кірмейді деген келісім жасалған. Бірақ бұл жолғы мәселеніңорны бөлек. Себебі қазір 2006 жылмен салыстырғанда халықтың әлеуметтік жағдайыбасқа. Оның үстіне былтырдан бері республика бойынша митинг өтпеген қала жоқ. Қоғамдаәлеуметтік теңдік мәселесі қызып тұр. Яғни автокөлік дауы жалпыұлттықмитингілерге ұласып кетуі мүмкін.
Коллаж: Жас Алаш.